Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды

0
12 126

Қан тазарса бауыр, асқазан, ішек шлактан тазарады әрі сыртқы-ішкі саулығыңыз жақсарады


Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды

фото: news.day.az

Қан – адам ағзасындағы ең маңызды сұйықтық. Ол ағзаға қажетті дәрумендерді, минералды және биобелсенді заттарды денеге таратады. Сондықтан да қанды тазалап тұру қажет. Өйткені қанға да шлак, улы заттар жиналып, оның айналу жұмысын нашарлатады. Қанды тазалау үшін дәрі ішіп, екпе салудың қажеті жоқ. Бар болғаны үй жағдайында мына халықтық әдістерді қолдансаңыз болғаны. Қан тазарып, жасарады. Қан тазарған соң сыртқы және ішкі саулығыңыз жақсарып, өзіңізді сергек сезінесіз.


Бұл ӘДІС сіздің ҚАНЫҢЫЗДЫ улы заттан, шлактан тазалайды әрі қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ ақуыздың деңгейін реттеп, қанның құрамын жақсартады. Ол үшін МЫНА шөптерден ТҰНБА әзірлеп қолданыңыз:


ҚЫРМЫЗЫГҮЛ мен БҮРГЕН тұнбасы

фото: coffee-andtea.com

2 литр суға 30 гр. кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, бояу отта қайнауға жеткізіңіз. Сосын оты оттан алып қою керек. Салқындаған кезде қабатталған дәкенің көмегімен сүзіп алып, 50 гр. бал араластырасыз. Дайын болған емдік тұнбаны бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қою керек. Ем ретінде 300 мл тұнбаны таңертең таңғы астан алдын ішесіз.


АҚ ТАЛ тұнбасы

400 мл суға 1 ас қасық кептірілген ақ тал (белой ивы) тамырының ұнтағын саласыз. Баяу отта 10-12 минут қайнатып, оттан аласыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, тағы да 4 сағат тұндырып қою керек. Дайын болған емдік тұнбаны 100 грамнан тамақтан алдын қабылдаңыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


АҚЖЕЛКЕН тұнбасы

50 гр. ұнтақталған ақжелкен тамырын 500 мл суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң оттан алып, 2-3 сағат тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақпен бірге қабылдайсыз. Емді күніне 3-4 рет жүргізуге болады.


ҚАЙЫҢ ШЫРЫНЫ

фото: zen.yandex.kz

1 апта бойы үзбей қайың шырынын ішсеңіз, қаныңыз тазарып, айналымы жақсарады. Нәтижесінде бойыңызды дендеген дерттен құтыласыз. Өзіңізді жайлы сезініп, саулығыңыз жақсарады. Осы кереметке ие болу үшін тәулігіне 1-2 литр қайың шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз.


Мына АЗЫҚТАР қанды ТАЗАЛАЙДЫ

Халықтық әдістен бөлек, күнде тұтынатын кей тағамдар да қанды тазалауға қабілетті келеді. Нақтырақ айтқанда:

  • Лимон;
  • Сәбіз;
  • Брокколи;
  • Қызылша
  • Алма
  • Куркуму.

Осы жемістер мен көкөністерді жиі жеп жүрсеңіз, қанды улы заттан оңай тазартасыз. Сонымен қатар асқазан-ішек жолдары мен бауырдың саулығын жақсартасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: infox.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді


ЕКІ қасық КЕБЕК ішекті ШЛАКТАН тазалайды


Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз