ЖИІ ЖЕП ТҰРЫҢЫЗ: БҰЛАР ағзаны ТАЗАЛАЙДЫ

0
5 939

Нәтижесі керемет болады.


ЖИІ ЖЕП ТҰРЫҢЫЗ: БҰЛАР ағзаны ТАЗАЛАЙДЫ

фото: medboli.ru

Біз күнделікті тұтынатын кейбір азықтар ағзаны сапалы түрде тазартады. Негізінде жаман әдеттер, дұрыс тамақтанбау, экологияның нашарлауы ағзаға кері әсер етіп, улы заттардың жиналуына себеп болады. Ағза уланған кезде адамның сыртқы келбеті өзгереді, шашы түсе бастайды, тырнақтардың күйі нашарлайды, үлкен дәреттің шығуы бұзылады. Егер өзіңізде осындай белгілерді байқасаңыз, дереу мына азықтарды жеуді бастаңыз.


АЛМА

Бұл жеміс ағзаны токсиннен тазалайды. Ал шырыны вирустық инфекциядан қорғайды. Егер сізде тұмаудың белгілері байқалса, күнде алма шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз. Жемістің құрамындағы пектин заты ағзадағы ауыр металды шығарып, токсиннен тазалайды. Одан бөлек, ішекқұрттарды шығарады, несеп шығару жолдарын емдейді, бауырдың жұмысын жақсартады.

Алма нәрлі заттарға бай. Ағзаны дәруменмен, минералды заттармен фосфор, магний, калий, кальций элементімен байытады.


ҚЫЗЫЛША

Бұл көкөніс жасұнық пен органикалық қышқылға бай. Ішектегі шлакты, токсинді тазалау үшін қызылша жеуге әдеттеніңіз. Әсіресе, бауыры ауыратын науқастарға керемет дәрі екенін біліңіз. Одан бөлек, ағзаға күш беріп, қан қысымын қалпына келтіреді. Қатерлі ісік ауруларымен күресіп, буын ауруларын емдейді әрі артық салмақтан арылтады.

Көкөністің құрамындағы минералдар мен химиялық заттар ағзаның инфекцияға қарсы күресу қабілетін арттырады. Қан мен бауырды тазалайды.

фото: amp.politeka.net


БАЛДЫРКӨК

Бұл көкөніс қанды тазалайды. Несеп жолдарының жұмысын жақсартады, қалқанша безі ауруларының алдын алады, бүйректі аурудан қорғайды. Оған қоса, асқазан, асқорыту жүйесінің жолдарын жақсартып, ағзаны улы заттан тазартады.


ПИЯЗ

Бұл көкөніс ішекті тазартады әрі тері арқылы ағзадағы токсинді шығарады. Тамаша антисептикалық қызмет атқаратын аталған көкөніс бактериялық, саңырауқұлақ және вирустық аурулардан қорғайды. Пияз ішектің жиырылуын арттырады, ас қорыту процестерін жақсартады, үнемі тұтынсаңыз қан қысымын тұрақтандырады әрі қан тамырларының серпімділігін арттырады.


ҚЫРЫҚҚАБАТ

Қырыққабат бауырды тамаша тазартады, ішектің жиырылуын арттырады, ағзадағы зиянды заттарды шығарады. Құрамындағы күкірт денедегі зиянды заттарды жоюға көмектеседі. Бұл көкөністі жиі жесеңіз, денедегі ауыр металды шығарады, дәрумендердің синтезделуіне ықпал етеді. Ішек флорасының жаңаруына және ағзаның пайдалы бактериялармен орналасуына ықпал етеді.

Қырыққабатта ішектің жұмысын ынталандыратын және оны тазартуға көмектесетін диеталық талшықтар көп. Сонымен қатар, қырыққабат темекі түтінінің ағзаға улы әсерін бейтараптандыруға мүмкіндік береді.


САРЫМСАҚ

Сарымсақ құрамында токсиндерді бейтараптандыратын және ақ қан жасушаларының қалыпты күйін сақтайтын аллицин бар. Бұл көкөніс тыныс алу мүшелерін тазартады, қанның жаңаруына ықпал етеді. Сонымен қатар, никотинді денеден шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан темекімен қоштасқысы келетіндерге сарымсақ жеуге кеңес береміз.

Аталған көкөніс дәрумендердің, минералдардың, қышқылдардың, фитостеролдардың, фитонцидтердің, азотты және күкіртті заттардың қайнар көзі болып табылады. Ал құрамындағы глутатион бауырдың зиянды заттарды сіңіріп, оларды жойып, өт қышқылдарымен бірге денеден шығаруына ықпал етеді.

фото: 101hairtips.com


ЛИМОН

Ағзаны тазарту үшін лимон шырынын ішу керек. Бұл жүрек пен бауырдың жұмысын ынталандырады, тастың пайда болуына жол бермейді. Құрамындағы С дәрумені жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы. Лимон ағзаның пайдалы ферменттер өндірісін белсендіруіне, сондай-ақ токсиндердің суда еритін түрге айналуына ықпал етеді. Осының нәтижесінде ағзадан тезірек шығады.

Лимон шырынында қатерлі ісікпен күресетін 20-дан астам заттар бар. Сонымен қатар, оны үнемі тұтыну дененің қышқылдығын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.


ҚЫЗАНАҚ

Бұл жемісте жасушалардың тотығуына жол бермейтін ликопен бар. Қызанақты үзбей жеу майларды тез ыдыратуға және оларды қорытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өт бөлінуін ынталандырады, өкпені тазартады. Аталған көкөніс жүрек-қан тамырлары мен қатерлі ісік ауруларының алдын алады. Сондай-ақ, көздің көру өткірлігін жақсартуға және тіс пен сүйек тінін нығайтуға көмектеседі. Антидепрессант қызметін атқаратын көкөністің құрамындағы тирамин көңіл-күйді жақсартады. Ал шырыны қанның ұюына жол бермейді және бүйрек пен өт қабына тас жинамайды.


Кез келген ас үйден табылатын бұл азықтардың пайдасын білдік. Одан да маңызды дүние – су екенін ұмытпайық. Себебі ағзаны тазарту үшін жеткілікті мөлшерде су ішу керек. Егер аз ішсеңіз, сіздің әрекетіңіз нәтижесіз болады. Өйткені метаболикалық процестер баяулап, ағза күресе алмайды. Адамдар таза суды қантты және газдалған сусындармен, шаймен, кофемен алмастыруға дағдыланған, бұл түбегейлі қате. Су ағзалардың дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Сондықтан күніне кемінде 1,5-2 литр таза су ішу өте маңызды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: ayzdorov.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛДІ жеңу үшін МЫНАНЫ ішіңіз


СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз


Әр ҮЙДЕ болуы тиіс ЕМДІК ШӨПТЕРДІ біле жүріңіз