Атақты Мейрамбек Беспаев жарының туған күніне арнайы ән жаздырды

0
9 894

Әннің аты - "Мархаббат"


Атақты Мейрамбек Беспаев жарының туған күніне арнайы ән жаздырды

Қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Беспаев жарының туған күнін дүркіретіп атап өтті. Әдетті сүйікті әншінің музасы көпшілік алдына жиі шыға бермейді. Осы жолы да ол туған күні туралы олардың достары желіде жариялады.

"Мәкеңнің мәңгілік, мөп-мөлдір махаббаты, қазақтың ең сұлу Мархабаты! Туған күнің құтты болсын құрбы жаным! Бақытқа толы болсын әр атқан таңың, басыңнан кетпесінші қонған бағың, бар бақытты тіледім Мархажаным! “Рахмет бәрің үшін, рахмет барың үшін..." деп, Мәкеңнің арнайы тапсырыспен жазылған бұл әні, сыйлықтың ең төресі болды. Сиясы кетпеген әннің тереңдігі де, құдыреті шексіз! Ән жүрекке де тиді, сөздері суйектен де өтті!) Мәкең үшін жаралған, сүйікті еткен Мархажан! Саған миллион гүл де, оншақты ұл да, жаңа туған әндер де артық етпес! Тұсауы кесілген ән құтты болып, талғамы да талабы жоғары болған авторларымызға, ән үшін рахмеееет!" -, деп жазды Мархабаның құрбысы Айман Нұразхан жазды.

Одан өзге де танымал Арман Дүйсенов, Ернар Айдар сынды жұлдыздар парақшаларына туған күннен естелік суреттерін жариялады.