«Басым жерге жеткенше иіліп кешірім сұраймын»: Айнұр Тұрсынбаева қандай кінәсі үшін ақталды?

0
3 501

Жолдасым "сен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл - күнәнің үлкені” деп кесіп айтты...


«Басым жерге жеткенше иіліп кешірім сұраймын»: Айнұр Тұрсынбаева қандай кінәсі үшін ақталды?

Соңғы кезде Айнұр Тұрсынбаева айтып жүрген «Стақандағы су» техникасы туралы сыни пікірлер қаптап кеткен еді. Олардың көбі бұл техниканың негізсіз және серік қосу екенін айтуда.


«Мен алғаш мотивациялық кітаптарды ақтарып бастағанда ең бірінші оқығаным Зеландтың “ТРАНСЕРФИНГ” кітабы болды. Қатты ұнаған соң қазақшалай бастадым... Келіспейтін жерлерім де бар әрине. Ішінде атақты “стақандағы су” техникасы туралы жазылған.. Кейіннен ютубта батыстың эзотериктерінің басым бөлігі соны қолданатынын білдім. Діннен хабары бар бір ағадан сұрағанымда “суға дем салып ішу исламда да бар” дегесін сабақтарымда өзім де қолдандым. Мен біраз болды араб тілін үйреніп бастап жатырмын... Арасында аят, сүре, хадистерді оқимын. Ең қызығы Зеландтың да, Кехоның да, Диспензоның да, басқаларының да айтып жүргендері құранда бар болып шықты.. Және жасап жүрген техникаларыма күдік пайда болды... Жолдасым құранды емін-еркін болмаса да бір кісідей оқи алады , осыны нақтылап берші деп едім, “сен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл күнәнің үлкені” деп кесіп айтты... Сонымен 2 рәкағат тауба намазын оқып, ол техниканы тоқтатып тастағаныма 1 айдан асқан... Қызық болғанда тоқтатқан күннен бастап алдымнан айналып шыға берді.. Айқайлап айтып жүргенде ешкім үндемей, енді жауып тастағанда неге бұл тақырып ушығып кетті деген ойға қалдым... Құранды еркін оқитын бір мұсылманға хабарласып “неге бұлай болып жатыр” деп кеңес сұрасам “жұрт сенің тоқтатқаныңды білмейді ғой, жұрттың алдындағы абыройды емес Аллланың алдындағы абыройды ойлап бұл техниканы мүлде қолданбайтыныңызды айтып, қателескеніңізді мойындап пост жазсаңызшы” деді... Алланың мейірімі анамыздан 99 есе көп екен ғой, әлбетте қателескеннің дұғасын қабыл етеді...Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын... Бүгінгі қари кісіден естіген бір жақсы дүнием, ауырған адам суға өзі дем салып Фатиха, Фалақ, Нас сүресін оқып жіберіп ішсе Алла шипасын береді екен... Лайым, Алла бізді адасудан сақтасын...


Жүрегімді жылатқан бір жағдайды айта кетейін.. Бүгін бір алтын қыз “негізі дұрыс емес екенін білетін едім, бірақ сен ренжіп қала ма деп айта алмай, күнде тахаджуд намазын оқып Алладан сен үшін дұға жасап жүр едім, Аллаға шүкір” деп жылап қалды.. Шын жанашыр бауыр деген осы шығар...


«...Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді». («Бақара» сүресі, 222-аят)»
.

Мұны оқыған оқырмандары «Мен де стакандағы су техникасын жасап жүргенмін. Бірақ, соңғы кезде неліктен екенін білмеймін, жүрегім тартпай ішпей жүрдім, 2 күн стаканда тұрып қалған суды гүлдерге құйып жүрдім, енді міне жауап деген келді. Алланың құдыреті күшті деген осы емес пе», «Жазғаныңыз дұрыс болды» деген сынды пікірлерін жазуда.

Сіз бұл техниканы орындаған ба едіңіз?