«Бүкіл қазаққа танымал анаңның қадірін қашырма!»
Әнші Жанар Айжанова немересінің туған күнін ерекше атап өтті. Өнер иесі оңтүстік астанада үлкен той жасап, барша жұлдыздары шақырды. Жанар Айжанова немересінің бір жасқа толуын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Жұлдызды жанұяның қуанышына Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова, Баян Алагөзова, Айгүл Иманбаева, Шахизада Байбатжанова, Роза Әлқожа, Асхат Тарғын, Мақсат Рахмет, Жасұлан Базарбаев, Өмірқұл Айниязов және т.б. өнер өкілдері барды.
Әртістер өз ақ тілектерімен қоса той қонақтарына ән-шашуын да арнады. Олар Instagram желісінде дүбірлі тойдың қалай өткенін қалың көпшілікке көрсетті.
Айта кетерлігі, думанды шарада Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы жолдасы мен ата-енесі көрінген жоқ. Оған қоса Жанар Айжанова тұңғыш немересіне өзінің марқұм күйеуінің тегін берсе керек. Себебі мейрамхана ішіндегі үлкен безендіру тақтасында Назар Адайбеков деп жазылып тұрды. Бұл туралы әншінің өнердегі сіңлісі Роза Әлқожа да жазды.
Ал осынау дүбірлі тойдың басты себепкері Жанар Айжанованың қызы, Назардың анасы Айжұлдыз Адайбекованың киген киімі көпшіліктің талқысына түсті. Желідегілер дәл Айжанованың қызы қазақи болмағанына қынжылыс білдірді.
«Қызыңызға сөзіңіз өтпейтін сияқты. Не киіп алған?!», «Керемет той, Айжұлдыздың үстіне киген киімі тойға киетін киім емес», «Қой бағып келген қойшы сияқты киініп алыпты ғой қызыңыз», «Дәл Жанардың қызы осындай болады деп ойламадық», «Айжұлдыз баласының тойына емес, көшеге шыққандай киініп алыпты», «Қыздың киімі болмапты» деп жазды олар.