"Қызды болды": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы ақпарат тарады

0
408

Желі қолданушы өнер иесінің жеке парақшасындағы фотосының астына ақ тілектерін жаудырып жатыр.


Фото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

ERNUR.KZ. Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғанына қатысты ақпарат тарады, деп жазады stan.kz.

Желі қолданушы өнер иесінің жеке парақшасындағы фотосының астына ақ тілектерін жаудырып жатыр.

“Бөпеңіздің бауы берік болсын!", "Мен де естідім, біздің Ақтөбеде енесімен тұрып жатыр екен. Босанған шығар", “Қырқынан шықты", – деп жазды көпшілік.

Ақпаратты журналист Анна Данченко да бөлісіп, сәбидің жынысын айтты.

“Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!”, – деді медиа өкілі.

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

Айта кетейік, "Махаббатымыз түсірілім кезінде басталды" деп Ғазірет жұбайы Кәмшат Жолдыбаевамен қалай танысқанын айтып берген еді.