​«Орамалды 23 жыл армандадым»: Индира Расылхан өзін сынаған оқырманына ренішін білдірді

0
989

«Заң шығып, шешінсеңдер болар еді»


​«Орамалды 23 жыл армандадым»: Индира Расылхан өзін сынаған оқырманына ренішін білдірді

Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында орамалға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі орамал тағуды 23 жыл бойы армандағанын айтты.


Индира Расылханның парақшасына бейтаныс оқырманы «Оранғаның ұнамайды, қалғаны супер. Заң шығып, типа манашкалар шешініп, байырғы әдемі кейіпіңе келсең қуанамын» деп пікір қалдырған.


Әнші бұл пікірді жауапсыз қалдырмады. Жазба иесіне ренішін білдірді.


«Мен орамал шешетін болсам, қуанатын адамдар бар екен. Астағфируллаһ! Бұл орамалға келу мен үшін неше жылдық арман екенін білсеңіз ғой. 20 жасымнан Алла намаз бұйырған болса, тек 23 жылдан соң орамал бұйырды. Мен қаншама жыл армандадым. Сіздей адамды қуанта алмайды екенмін олай. Алла осы орамалымды ақырғы деміме дейін шешпеуімді нәсіп етсін! Сізге сыйлығым болсын, номеріңізді жазыңыз, 5 мың теңге салып жіберейін» - деп жазды Индира Расылхан.