​«Тамағыма өксік тығылды»: Мешіт салып жатқан Төреғали Төреәлінің қарындасын ауыл тұрғындары «Алаяқ» деп айыптаған

0
9 426

«Тиісулерінің себебін түсінбей отырмыз»


​«Тамағыма өксік тығылды»: Мешіт салып жатқан Төреғали Төреәлінің қарындасын ауыл тұрғындары «Алаяқ» деп айыптаған

Әнші Төреғали Төреәлінің блогер қарындасы Фариза Төреәлі мен күйеуі, спортшы Дархан Нортаев өз қаражатына Астана маңындағы ауылдардың бірінен мешіт салуды бастаған болатын. Алайда ауыл тұрғынадары олардың құрылысын тоқтатып тастаған.


Ерлі-зайыптылар мешіт құрылысын 3 ай бұрын басаған еді Олар құрылысты Құрбан айтқа дейін аяқтап, халықтың пайдалануына беруді жоспарлағанын айтқан. Алайда ауыл тұрғындары әншінің қарындасы мен күйеу баласын «Алаяқсыңдар!» деп айыптапты.


«Ауылдың кей адамдары Дарханға хабарласып, «сендер кімсіңдер мешіт салатындай» деп әңгіме айтты. Шошып, Бурабайдан атып шықтық, ауылға қарай. «Өтірікші, алаяқ» екенбіз, «хайп үшін» жасап жатыр екенбіз. Басқалар не айтса айтсын, бірақ мешіт салынып жатқан ауылдың адамдарынан естігеніміз жүрекке қатты батты. Тегін жасап бергелі жатыр едік қой, тиісулерінің себебін түсінбей отырмыз.


Дархан екеуміз осы мешітті салу үшін арнайы ақша жинадық. Осы мақсатқа жету үшін өте көп еңбек етіп жүрміз. Бұдан бізге көк тиын пайда түспейді. Сіздер айтып жатқандай зауыт та, өз қалтаңды көтеретін басқа да дүниені соғуға болар еді. Бірақ басты ниетіміз мешіт салу болды. Бұл киелі нәрсе ғой, өкпе-ренішпен тұрғызуға болмайды.


Мен небәрі 22 жастамын, Дархан 26-да. Біз сияқты жастарды үлкердер қолдамаса, басқадан не үміт, не қайыр? Біз бұны ертең Муфтиятқа тапсырамыз оны. «Алаяқ» деп бізді айыптап тұрған кезде, ары қарай мешітті қалай жалғастырамыз? Айтарға сөз таппай тұрмын. Тамағыма өксік тығылып, аяқ-қолым дірілдеп кетті. Мешітке келгенде осылай болады деп ешқашан ойламаппын», - деп жазды Төреғалидің қарындасы.


Ол ауыл тұрғындарының наразылығына қарамай құрылысты ары қарай жалғастыра беретінін жеткізді.


"Кей адамдардың сөзі үшін тоқтап қалады деп ойламаңыздар. Менің блогымдағы позиция - біреудің күнәсін, қатесін әшкерелемеу. Жүрегіме алып, сөз сүйектен өтеді демекші, көңіліме тигенін жасыра алмаймын. Ешкімнен ештеңе тартып алып, не зиян тигізіп, не ақша жинаған жоқ еді. Мешіт салып беруімізді өтінген де өздері еді. Алладан шешімін сұраймыз", - деді Фариза Төреәлі.