​«Жолкіреме 500 мың теңге берді»: Серік Ибрагимов ақшасын әйеліне ұстататынын айтты

0
877

«Қажет кезде әйелімнен сұрап аламын»


​«Жолкіреме 500 мың теңге берді»: Серік Ибрагимов ақшасын әйеліне ұстататынын айтты


Бүгін Алматыдағы Республика сарайында эстрада әншісі Серік Ибрагимовтың шығармашылықтың кеші өтіп жатыр. Негізі бұл концерт 29-қазанға белгіленген еді, алайда қаралы күнге байланысты, шегерілді.


Концерт алдында әнші "Тикток" блогеріне аз-кем сұхбат беріп, отбасылық қаржыны әйелі басқаратынын айтты.


«Жасыратыны жоқ, табысымның бәрін әйелім Айнамкөз ұстайды. Ақшаға жауап беретін сол кісі. Қажет кезде сұрап аламын. Сөздің шыны керек, әйелімнің табысы менікінен көп. Бүгін жолкірең деп 500 мың теңге берді. Соған қанағат етемін. «Ақша – қолдың кірі», «Ақша адамды бұзады» деген пікірмен келісемін. Дүниенің соңынан қуған адам емеспін. Ақшаң болса көңілің тыныш, уайым жоқ. Мың теңге тапсаң да берекесімен келгені дұрыс» деді Серік Ибрагимов.


«Тикток» қолданушылары арасында Серіктің жолкіре туралы айтқаны қызу талқыға түсті. «Жолкіресі сондай болса, түскі асының ақшасы қанша болар екен?», «Табыс түсіп жатқасын есепсіз шаша береді бұлар», «Әйелі бастық боп тұр ғой», «Дұрыс, үйде есепке кім мықты, ақшаны сол ұстауы тиіс» деді көпшілік.