Әлемнің халқының 93%-ы осы аурумен ауырады: ішінде Сіз де болуыңыз мүмкін

0
2 449

Дегенмен, осы аурулардың арасында әлем ең кеңінен тарап кеткені қайсы? Басқалармен салыстырғанда, қандай дерттің тарау пайызы жоғары?


Әлемнің халқының 93%-ы осы аурумен ауырады: ішінде Сіз де болуыңыз мүмкін

иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Қазір «аурулар жасарып барады» деген сөз тіркесі жиі қолданылып жүр. Расында бұрындары жүрек талмасымен немесе қан қысымымен егде адамдар көбірекауыратын болса, қазір олар жастар арасында да жиі байқалады. Аурудың «жасарғаны» осы.

Дегенмен, осы аурулардың арасында әлем ең кеңінен тарап кеткені қайсы? Басқалармен салыстырғанда, қандай дерттің тарау пайызы жоғары?

Тісжегі (кариес)

Medicinaportal.com медициналық порталының мәліметінше, бұл «атаққа» - тіс жегісі лайықты көрінеді. Нақты дерекке сүйенсек, тіс жегімен әлем халқының 93%-ы ауырады екен.

«Атақ-даңқы» тым шарықтап кеткен тіс ауруының кең таралуына адамдардың оған деген жеңіл көзқарасы себеп. Ал тіс жегісінің басқа көптеген дерттердің пайда болуы мен ағзаны дендеп кетуіне себеп екендігін стоматологтар жиі айтады.

Гастрит

Асқазан жарасымен әлем тұрғындарының 90%-ы бетпе-бет кездесетін көрінеді. Сондықтан да бұл дерт тізімнің екінші қатарынан орны алған.

Гастритпен ауырғанын кейде адам байқамай (мән бермеуінің әсерінен) да қалуы, тіпті, соның салдарынан өмірмен қош айтысуы да мүмкін. Мәселен, егде жастағылардың 80%-да асқазан жарасы кездеседі.

Ағзаға түскен бүткіл асты қорытумен айналысатын асқазанның жұмысы ауыр. Сондықтан да оны «не болса сонымен толтырып», жұмысын қиындататын, істен ертерек шығаратын әрекеттерге жиі барады адамдар. Ол дегеніміз, әлбетте, дұрыс тамақтанбау.

Аллергия

Жер тұрғындарының 90%-ы бүгінде аллергиядан зардап шегеді, дейді дәрігерлер. Әркімнің әртүрлі нәрседен аллергиясы бар. Шаң, гүл тозаңы, ылғал, құрғақ ауа, жануар, азық-түлік және т.б.

«Аллергиям жоқ» деген адамның өзін тексергенде әйтеуір бір жағдайда анықталуы мүмкін. Оның белгілері – шырышты қабықтардағы сұйықтықтың көп бөлінуі, тыныс алудың қиындауы, тердің артық бөлінуі, теріде бөртпе немесе дақтың пайда болуы.

Аллергияны мамандар «ұйқыдағы ауру» деп атайды. Ол ұзақ уақыт білінбей жүріп, қоздыратын фактор болғанда ғана «оянып» кетуі мүмкін.

Ішек құрты

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының дерегінше, әлемде әрбір екінші адамда ішекқұрты бар. Әлемнің 99% тұрғынында паразиттер кездеседі, бірақ оны адамның өзі білмеуі мүмкін.

Ішек құртының адам денсаулығына тигізетін зияны орасан. Ең алдымен иммунитетті төмендетіп, ағзаның қорғаныс механизміне зиян келтіреді. Белгілері – жұқпалы ауруларға тез шалдығу, тәбеттің болмауы және иммунитеттің төмендеуі.

Невроз

Кең тараған аурулардың қатарын невроздың толықтыруы жақсы дерек емес. Дегенмен, мәлімет соны көрсетеді. Бүгінде әлемнің 70% тұрғыны невроздың әр түрімен ауыратын көрінеді.

Невроз – психологиялық көңіл-күйдің ұзақ уақыт бойы стресте жүріп, күйзеліске түсу жағдайы. Адам ағзасының сыртқы факторлардан қорғану механизмінің өзіндік бір түрі. Тап осылар адамның иммундық және жүйке жүйесіне салмақ түсіріп, қызметін бұзады. Содан барып пайда болады.

Негізгі белгілері – күйгелектік, жүректің жиі қағуы, тез шаршау, иммундық жүйенің әлсіреуі.

Дайындаған - Қ.Сауран,

ERNUR.KZ