Күн жылынса жер бетінде тіршілік оянып, жаңа әлем орнайды. Сол секілді көктем шыққанда қыз-келіншектер де сұлуланып, ерекше әдемі боп кететіні жасырын емес. Мұның барлығы шопинг пен көктемнің әсері!
Онлайн-шопинг дегеніміз не? Шопинг – дүкен аралау! Яғни, ақшаны қалтаға салып, бой жазып қайту дегенді білдіреді. Бұл адамға, әсіресе әйелдерге ұнайтын істердің бірі. Ал онлайн-шопинг- үйде отырып-ақ жасалады. Яғни, смартфонды ашып, интернет магазиндерді қарайсыз. Ол жерден қалаған затыңызды, киім-кешегіңізді таба аласыз. Интернет магазин сонысымен де тиімді. Бірақ бір орыннан жылжымай сағаттап отырып жасаған шопингтің денсаулыққа зиянды жақтары бар дейді ғалымдар.
Біріншіден, онлайн-шопингте қимыл-қозғалыс болмайды. Қазіргі кезде адамдар онсызда көп қимылдауға жалқаулық танытып, көбіне компьютермен жұмыс істейтіндіктен онлайн-шопинг те олар үшін тиімді көрінеді. Дегенмен энергияны сақтамай, керісінше жұмсаған дұрыс. Егер отыруды жалғастыра беретін болсаңыз, күні бойы ішкен-жегеніңіз бөксеге, белге, дененің барлық жеріне май болып жабыса бастайды. Май басқаннан бөлек қимыл-қозғалыс жасамаған адамның бұлшықеттері мен сүйектеріне ауырлық түсіп, әлсірей береді. Бір орында отырып жұмыс істеу немесе шопинг жасау жасы үлкен кісілерге өте зиянды. Мұндай жағдайда олардың денсаулығы күрт төмендеп, барлық аурулары қоза бастайды. Сол себепті де болар дәрігерлер қариялардың өзіне физикалық жаттығулар жасауға кеңес беріп жатады.
Мысалы, жасы үлкен кісілерге бау-бақша жұмыстарымен айналысуға немесе таза ауада көбірек серуендеуге, сонымен қатар, дүкен аралауға болады. Бұл қимыл-қозғалыстың бәрі денсаулыққа, әсіресе жүрекке пайдалы екен.
Ғалымдардың айтуынша 20-30 минуттық жаяу жүрудің өзі адамның көңіл-күйін көтеріп, бүкіл ағзасына жағымдылық сыйлайды екен. Сондықтан да үйде отырып онлайн-шопинг жасағаннан күн көзіне қарап, жарық әлемге шығып, бір сәт серуендеген дұрыс.
Онлайн-шопинг жасау арқылы сіз «стресс гормоны» кортизолды азайтасыз. Таза ауада серуендеу барлық адамға пайдалы. Сонда сіз тез агрессияға берілмей, өз ашуыңызды тізгіндей алатын боласыз. Стресс сізді айналып өтетіне күмән жоқ. Ал, серуеннің бұдан да пайдалы бола түскенін қаласаңыз, саябаққа барып, құстардың ән салғанын тыңдаңыз. Көк шөп пен түрлі ағаштардың арасында жүрудің өзі сізге керемет көңіл-күй сыйлайды. Күз, қыс айларында адамдар күн көзіне шыға бермейді. Көктемде осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін саябақта серуендеуге немесе дүкен аралауға шығыңыз.
Онлин-шопингтің тағы бір кері әсері – қарым-қатынастың жоқтығы, эмоцияны шығара алмау. Ал, қарапайым дүкен аралау арқылы сіз түрлі адамдармен кездесіп, сөйлесіп, тіпті, әдемі заттарды көріп, көзіңізді тойдыра аласыз. Мұның бәрі адамның психологиялық тұрғыда денсаулығының жақсаруына айтарлықтай әсер етеді. Үйден шығып, белсенді қимыл-қозғалыс жасағанда бұл әрекет адамның көру, есту, иіс сезу мүшелерінің жұмысын жақсартатынын да ұмытпау керек. Ал, онлайн-шопинг адамды бұл жағынан қанағаттандыра алмайды.
Онлайн-шопинг тәуелділікке, құмарлыққа апарып соқтырады. Ғаламтордан бір зат көремін деп ойлап смартфоныңызды қолыңызға аласыз, алайда бір емес бірнеше затты қалай сатып алғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Яғни, сіз құмарлықты, тәуелділікті тізгіндей алмайсыз. Түрлі заттарды көрген кезде қызығушылығыңыз артып, онлайн-шопоголиктің нақ өзі боласыз. Мұндай адамдар ғаламторға тәуелді болып қалғанын мойындайды екен. Өйткені олар дүкен аралап жүріп керек затын сирек алатын көрінеді.
Онлайн-шопинг жасауда өте абай болу керек. Егер онлайн-дүкендерге тәуелді бола бастағаныңызды сезсеңіз, одан шығар жол бар. «Дүкеніңізді» аралап, алғыңыз келген заттарды кәрзеңкеге сала беріңіз. Содан соң көзіңіз тойғаннан кейін ғаламтордан шығып кетесіз. Осымен онлайн-шопинг аяқталады. Осылай бірнеше рет жасап көрсеңіз, қызығушылығыңызды тізгіндеп, денсаулығыңызға да айтарлықтай зиян келтірмейтін боласыз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Чипсы немесе попкорн - қайсысының зияны көбірек?