Осы БЕС түрлі ДЕРТТЕН құтылсаңыз, ұйқыңыз ҚАНАДЫ, бойыңызға СЕРГЕКТІК сыйлайды.
фото: vseglisty.ru
Таңертең ұйқыдан шаршап ояну бір емес, бірақ бірнеше аурудың белгісі болуы мүмкін. Көпшілігіміз қанша сағат ұйықтасақ та ұйқымыз қанбай, дел-сал күй кешетініміз жасырын емес. Тіпті, ұйқыдан тұра салысымен қайтадан төсекке жатқымыз келіп тұратын кездер де болады.
Егер сіз кеш ұйықтағаннан таңертең сергек ояна алмасаңыз, бір күніңізді ұйқыға арнаңыз.
Өйткені ұйқының қанбауы – жүйке, жүрек ауруларына әкеледі. Ал егер тұрақты уақытта жатып, тыңғылықты 8 сағат ұйықтасаңыз да ұйқыңыз қанбай жүрген болса, онда мына ДЕРТТІҢ басталғанын білдіреді. Оған қоса, таңғы ұйқыдан шаршап оянсаңыз немесе мына белгілерді байқасаңыз:
- кереуеттен тұрғанда басыңыз айналса;
- аузыңыз құрғаса;
- бұлшықеттеріңіз ауырса;
- ішіңіздің айналасы бүрсе;
- аяғыңыздың сіңірі тартылса;
- қан қысымыңыз түсіп кетсе;
- көзіңіз құрғаса, онда мына АУРУЛАРДЫ анықтап, ЕМДЕЛУ керек.
фото: vseglisty.ru
ЖҮРЕК
Дәрігерлер оянғаннан кейінгі алғашқы сағаттар ең қауіпті екенін айтады. Өйткені қан қысымының төмендеуінен адам есінен танып, құлап қалуы мүмкін. Бұл жүрек ауруларының салдарынан миға қанның жеткіліксіздігінен туындайды. Бұл өте қауіпті. Егер сізде мұндай жайсыздық күн сайын қайталанса, таңғы ұйқыдан шаршап оянып жүрсеңіз немесе төсектен тұрғанда басыңыз айналса, онда уақыт созбай дәрігерге барыңыз.
ҚАЛҚАНША БЕЗ
Қалқанша безге гипотиреоз деген гормон жетіспесе, ұйқының дұрыс қанбауына әкеледі екен. Оған қоса, тап осы гормонның жеткіліксіздігі барлық ағзаның жұмысына кері әсерін тигізеді. Соның ішінде зат алмасуды бұзып, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Бұл бойымызды балбыратып, енжарлыққа әкеледі. Өзіңізді әлсіз сезініп, таң атысымен-ақ шаршай бастайсыз.
ДЕПРЕССИЯ
Депрессияға түсу алдымен тынышыңызды бұзады. Әсіресе, ұйқыңыз өзгеріп, мазасыз күй кешесіз. Көзіңіз ұйықтаса да, миыңыз бен санаңызға тыным болмайды. Депрессияға түскенда адамның бұлшықеті ауырады, қатты шаршайсыз, бойыңызды үрей мен қорқыныш билейді, себепсіз қайғыға салынасыз.
фото: www.freepik.com
ДҰРЫС ТАМАҚТАНБАУ
Тамақтану мәзірі мен диета да ұйқының бұзылуына әкеледі. Жалпы, «аурудың астан екенін» ескерсек, дұрыс тамақтану арқылы кез келген ауруға ем табамыз, ал бұрыс тамақпен кез келген ауруға шалдығамыз. Сондықтан да тамақтану мәзіріне ерекше көңіл бөлген жөн. Диетаны да тым ұзақ уақыт ұстауға болмайтынын ескеріңіз.
Дұрыс тамақтанбау – асқазанның, ішектің, мидың және жүрек соғысының бұзылуына әкеледі. Егер ағзаға натрий мен калий элементі жеткілікті түрде түспесе, онда жүрек ауруына шалдығуыңыз ғажап емес.
ҚАНАЗДЫҚ
Қаназдықтың бірнеше түрі бар. Ал ұйқының қанбауына немесе ұйқыдан шаршап оянуға эритроциттер мен гемоглобиннің өз деңгейінен төмен болуы себеп болады. Бұл екі заттың аздығы денені оттегімен өз деңгейінде қамти алмайды. Салдарынан бойыңыздағы қуат жоғалады да, созылмалы шаршау белең алады. Егер сіз тез шаршап қалатын болсаңыз, онда қандағы гемоглобиннің деңгейін көтеру керек.
Таңғы ҰЙҚЫДАН СЕРГЕК ояну үшін НЕ ІСТЕУ керек?
Егер сіздің ұйқыңыздың бұзылғанына екі аптадан асса, осы екі аптадан бері ұйқыдан шаршап, әліңіз құрып, бойыңыздан қуат кетсе, онда міндетті түрде ТЕРАПЕВТ дәрігерге тексеріліңіз.
Дәрігер сізге қажетті сараптама жасатып, қандай ауруға шалдыққаныңызды анықтап береді.
Оған қоса, мына кеңестерді назарыңызға іле жүріңіз...
1. Денсаулығыңыз – сіздің байлығыңыз. Оның құны сіз үшін қадірлі әрі бағалы. Сіз ауырсаңыз жақындарыңыз да, әріптестеріңіз де, достарыңыз да ұзағымен 3 күн жаныңыздан табылады. Әрмен қарай әркім өз шаруасымен айналысады. Сондықтан да денсаулыққа бей-жай қарамаңз.
Алдымен ұйқыдан шаршап оянудың себебін анықтауға тырысыңыз. Барлық мәселеңізді қағазға жазыңыз. Шешілмейтін түйін жоқ. Кімге өкпелеген болсаңыз, ішіңізде сақтамаңыз. Барыңыз, сырыңызды ақтарыңыз. Жылаңыз, бәрін айтыңыз. Жүрегіңізге тыныштық ұялатыңыз. Сонда бәрі жақсы болады. Адамның денсаулығының басты қаруы – тыныштық пен бақытты болу екенін ұмытпаңыз.
2. Диетамен қоштасыңыз. Өйткені диета сізді артық салмақтан арылтқанымен, санаңызды улайды. Миға салмақ салады, жан-дүниеңізге жүк болады. Бар болмасыңызды «арықтасам немеге тым толықпын» деген сынды ойлар жаулайды. Сөйтіп «неге» деген сұрақтың жетегінде жүріп жаныңызды жаралайсыз.
3. Таңғы асты тастамаңыз. Бұл – сізге күш-қуат береді. Күні бойы сергек әрі көңілді жүруге септігін тигізеді. Құнарлы таңғы асқа құрамы дәрумендер мен жасұныққа бай жемістерді қоссаңыз, тіпті керемет болады. 1 стақан сүттің орнына сұлы ботқасын жеңіз. Алманы қабығымен жеуге әдеттеніңіз. Таңғы асқа міндетті түрде 2 дана құлпынай немесе жаңғақ жеңіз.
4. Мак қосылған тұнба ішіңіз. Бұл сусын сізге күш-қуат береді әрі денсаулығыңызды нығайтады. Мактың орнына адамтамыр (женьшень) немесе зімбір (имбирь) тұнбасын қолдануға болады.
5. Кесте әзірлеңіз. Оған күн тәртібін енгізесіз және қатаң орындауға әрекет етіңіз. Мәселен, бір уақытта тамақтануға, 8 сағаттан артық не кем ұйықтамауға, күніне кем дегенде жарты сағат серуендеуге дағдыланыңыз.
Жұмысыңыз қанша қауырт болса да, өзіңізге, денсаулығыңызға, сұлулығыңызға көңіл бөлуге асығыңыз. Өйткені, денсаулық – басты байлығымыз екенін ұмытпаңыз!
Дереккөз: econet.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?
КОФЕГЕ қанттың орнына БАЛ қосып ішсеңіз АҒЗАДА қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?