​Таңғы АСТЫ ЖЕСЕҢІЗ ағза ҚАНДАЙ КҮЙДЕ болады?

0
6 653

Мұны бәріміз білуіміз керек


​Таңғы АСТЫ ЖЕСЕҢІЗ ағза ҚАНДАЙ КҮЙДЕ болады?

фото: freepik.com

Арамызда таңғы асты түскі аспен бірге жей салатындар өте көп. Ал біреулер 1 шыны кофе немесе шай ішуді әдетке айналдырған. Негізінде әрбір уақытта жеу керек болып белгіленген астың адам ағзасына, саулығына, сыртқы-ішкі келбетіне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны бар. Ал диетолог мамандар «ең маңызды ас – таңғы ас» екенін айтса, ал әжелеріміз «Таңғы ас тәңірден» деп барлық несібе мен берекені таңғы асқа телиді. Сонымен зиянынан пайдасы мол таңғы асты жемесеңіз ағза қандай күйде болатынын білгіңіз келе ме? Ендеше мына мәліметтерге назар аударыңыз…


ТАҢҒЫ АС:

  • ұйқыдағы ағзаны оятады;
  • ағзаны гликоген затымен байытады;
  • зат алмасуды белсенді етеді;
  • күні бойы бойыңызға қуат сыйлайды;
  • ми мен бұлшықеттің жұмысын жақсартады.

фото: lozhka-povarezhka.ru

Ең маңызды әрі пайдалы саналатын таңғы астың қасиеті:


ДИАБЕТ ауруының алдын алады

Әлемді жайлаған қант диабеті ауруының пайда болуының бірнеше себебі бар. Соның бірі әрі маңыздысы – таңғы астан бас тарту болып табылады екен. Эндокринолог дәрігерлер аурудың белең алып, асқынуына дұрыс тамақтанбау себеп болады дегенді айтады. Олардың мәлімдеуінше аталған аурудың емі де, дерті де – тамақ екен. Сондықтан да таңғы асты уақытылы жеп жүретіндердің қант диабеті ауруына шалдығуы өте сирек кездеседі.


ЖҮРЕК ауруынан сақтайды

Дәрігерлер әрбір үшінші өлімнің себебі – жүрек деп дабыл қағады. Ең маңызды әрі әлсіз ағзамыздың саулығын сақтауымыз керек. Оған салмақ салып, мұқият күтпесек, соңы өкінішті жағдайға әкеледі. Жүректі аурудан қорғаудың жолы – таңғы асты жей және салауатты өмір салтын ұстану.


ЕСТЕ САҚТАУ қабілетін жақсартады

Байқасаңыз, балалардың есте сақтау қабілеті өте жақсы. Оған таңғы асқа түріл дәндерден дайындалған ботқа себеп дейді мамандар. Ал ересектер таңғы асқа ботқа, жұмыртқа жеудің орнына 1 шыны кофені қанағат етеді. Ал кофе өз кезегінде мидың жұмыс істеуін әлсіретеді екен. Сондықтан да есте сақтау қабілетті жақсарту үшін таңғы асты міндетті түрде жеуге әдеттеніңіз.


ИММУНИТЕТТІ көтереді

Таңғы астың иммундық жүйесін нығайтатын керемет қасиет ібар. Таңғы асты тоя жеген кез келген адамның ағзасында вирусқа қарсы күресетін гамма-интерферон заты белсенді бөлінеді. Демек, таңғы астың инфекциялық ауруларға қарсы тұратын күшке ие екен.

фото: goodfon.ru

СҮЙЕКТІ нығайтады

Таңғы асты жеуге әдеттенгендердің сүйегі мықты әрі сау болады. Мұны жапон дәрігерлері дәлелдеген екен. Олар таңғы асты жейтін ж»не жемейтін адамдарға зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде таңғы асты тастамайтындардың сүйегі мықты болған. Ал таңертең тамақ жемейтіндердің сүйегі боркеміктеніп, өте әлсіз екен.


АРТЫҚ САЛМАҚТАН арылтады

Бүгінде көпшіліктің көкейінде «Таңғы асты жемесем, ратық салмақтан арыламын» деген қате түсінік бар. Керісінше, таңғы асты үзбей жеу арқылы сымбатыңызға, мүсініңізге, теріңізге керемет пайдасын тигізесіз. Егер артық салмақ кедергі келтірсе, кешкі тамақтан бас тартыңыз. Өйткені сізге таңғы астан емес, кешкі астан келер қауіп басым.


ШАРШАУДЫ басады

Таңғы асты жемеген адамның ағзасы әлсіз, сергек болмайды. Олардың бар ойы түскі уақытты тезірек келтіру. Өйткені қарны ашып, ештемеге зауқы соқпайды. Бір сағатта тындыратын тірлікті түске дейін созып алады. Мұндай олқылықты болдырмау үшін міндетті түрде таңғы ас жеңіз. Өйткені таңғы астан кейін ағзада майлы қышқыл бөлініп, бойға қуат береді.


КӨҢІЛ-КҮЙДІ көтереді

Таңғы ас жемейтіндердің жүзін уайым жаулайды. Уақыт өте депрессия алады. Сондықтан да басқаға уақыт бөлмесеңіз де, таңғы асты міндетті түрде жеңіз.


ДЕМІҢІЗ тазарады

Таңғы ас жемейтіндердің аузынан жағымсыз иіс шығады. Бұл жайсыздықтан арылу үшін таңертең түрлі дәннен дайындалған ботқа мен 1 шыны таза су ішіңіз.


БАС АЙНАЛУДЫ болдырмайды

Таңғы астың құрамындағы дәрумендер мен минералдар бас ауруына ем болады. Әлсіздік, қаназдық бастың айналуына себепші болады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін таңғы асқа жеміс, көкөніс жеңіз.


Таңғы ас – бойға қуат, білекке күш, миға серпімділік, денеге тазалық сыйлайды. осынау кереметтен құр қалғыңыз келмесе, таңертең 25-30 минут ерте тұрып, таңғы ас жеуге қамданыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ ауру мазалағанда ҚИЯР қосылған СУ ішіңіз


ЗІМБІР шайы қандай АУРУДЫ емдейтінін білесіз бе?


АЛМА сірке суы ТАМАҚ ауруын БІР-ақ күнде емдейді