​«Көршім көлікте зорлады»: алматылық бойжеткен көршісіне тоқал болуға дайын екенін жеткізді

0
1 995

«Ол мені отбасымен таныстыруға асығар емес. Бірақ пәтер сыйлады»


​«Көршім көлікте зорлады»: алматылық бойжеткен көршісіне тоқал болуға дайын екенін жеткізді
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Менің сіздермен бөлісер сырымды көп адам түсінбеуі мүмкін. «Бәріне өзің кінәлісің» деп сөгетіндеріңіз де табылар. Бірақ өзімді зорлаған адамның тоқалы болуды ұйғардым», - дейді Алма есімді оқырманымыз.


Алматы қаласының тұрғыны ERNUR.KZ редакциясына хабарласып, әңгімесін осылай бастады. Айтуынша, оны өзінің көршісі зорлаған.


«Інім екеуміз әкесіз өстік. Анам бір мекемеде дәрігер боп істейді. Мен колледжде сабақ берем. Жасым биыл отызға келді. Оқу дедім, жұмыс дедім, үйімізді кеңейтіп алайық дедік, солай менің жеке өмірім екінші планға ысырылып қала берді.


Осыдан үш жыл бұрын банкке ай сайын ақша құйып отырып жаңадан соғылған тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер алдық. Жаңа аудан, жаңа үйге үйренісуге біраз уақыт керек болды. Көршілерді де онша тани бермейміз, алғашында жатырқап жүрдік.

Бірақ оныншы қабатта тұратын көрші бірінші боп танысуға ұсыныс білдірді. Неге екенін қайдам, әйтеуір ебін тауып менімен ұшырасып қала беретін. Үйге келе жатып есік алдындағы дүкенге кірсем, артымнан келіп тұрады, қоқыс тастауға шықсам да солай. Бір күні жұмысқа жиналып, аялдамаға бара жатсам, артымнан көлігімен келіп, «ала кетейін» деп өтінді. Оған қарсы болмадым, себебі тексеру келіп, ерте баруым керек еді.


Сол күні кешкісін жұмысымның алдына келіпті. «Осы жолмен өтіп бара жатыр едім, ала кетейін» деп қиылды. Қоштасарда телефон нөмірімді сұраған, ізетті, артық әңгімесі жоқ жігіт болғасын нөмірімді бере салдым.Сол күннен бастап телефонға тыным болмады. «Мен саған ғашықпын, бір көргеннен ұнатып қалдым» деп сезімін ашық айтып, үздіксіз хат жолдайтын болды.

Алғашқыда оның бұл әрекетінен секемденіп қалғам. Себебі жасы менен әжептеуір үлкен, қырықтан асқан адам. Ондай жаста бойдақ болуы қисынсыз. «Маған енді телефон соқпаңыз, мазаламаңыз» деп тыйып тастадым. Тіпті көрген жерде амандаспайтын болдым. Содан кейін көршім аздап тынышталғандай болды. Бірақ алыстан балконнан, кейде көлігі ішінен бақылап отырғанын байқап қаламын. Кейде есік алдында отырсам, ол да үйінен шығып алып, алыстан бақылап тұрады.


Маған ғашық жігіт отбасылы, үш қызы, әп-әдемі әйелі бар екен. Оларды көргенде маған сезімін білдіріп жүрген еркектен жиіркеніп кеттім. Бірақ бір күні әлгі жігіт қоймай, қайта-қайта телефон соқты. 7 наурыз еді, «мерекеңмен құттықтайын деп едім, аулаға шықшы» деп. Не айтар екен деп шықсам, қолында бір шоқ гүлі мен, сыйлық салынған қорапшаны ұстатты. «Маған сізден ештеңе керек емес, аулақ жүріңіз, сыйлықты әйеліңізге беріңіз» деп едім, «саған деген көңілім таза, шын көңілден ұсынып отырмын, ағаң ретінде алшы» деп қоймады.

Үйге келіп қарасам, қорапшада қолға тағатын алтын білезік екен. Таң қалдым. Қазір шынын айту керек жүріп жүрген жігіттердің өзі ондай сыйлық жасай бермейді. Одан бері жаңа жылды, туған күнімді, несиеге алған көлігімнің көрімдігі деп сылтауратып бірнеше рет қымбат сыйлық жасады. Оның артық қылықсыз, еш қайтарымсыз мені еркелеткені, маған көңіл бөлгені бірте-бірте ұнай бастады ма, біртүрлі күйге түстім...


Бір күні қала сыртына шығып, жолда көлігім бұзылып, тұрып қалдым. Хабарласа қоятын басқа адам болмағасын көршіме телефон соқтым. Жарты сағатта таксимен жетіп келді. Дереу көлігімді жөндеп, кафеге апарып тамақтандырып, жабырқаған, уайымдаған көңілімді бір сәтте сейілтіп тастады. Бірақ жолда келе жатып мені өз көлігімде зорлады. «Енді бұдан артық шыдай алмаймын, сен маған ұнайсың» деп қарсыласқаныма қарамай, бас салды.

Бір жыл бойы оғаш қылық көрсетпеген отбасылы адамнан мұндайды күтпеген едім, жылағаныма да, жалынғаныма да қарамады, өз дегеніне жетіп тынды. Шынымды айтсам, осынша уақыт сақтап келген арымды осылай көліктің ішінде көршімнің таптап кете салғанына ішім удай ашыды.


«Алма, мен отбасымды тастап кете алмаймын. Бірақ саған деген ішкі сезімімді игеру де қиынға түсіп жүр. Менің тоқалым болшы. Бар жағдайыңды жасаймын, не қалайсың, соның бәрі болады» деп шынын айтты. «Саған тоқал болғанша өлгенім артық» деп кетіп қалдым. Тіпті көршімді сотқа беріп, масқаралағым келді. Бірақ бұл жаңалықты естігенде анамның қандай күйге түсетінін ойлап, райымнан қайттым. «Өзіңе ие бол, абыройыңды сақта» деп құлағыма құйып отыратын анам зорланғанымды білсе уақытынан бұрын бақилық болары анық еді.


Көршімнен құтылудың жалғыз жолы ертерек күйеуге тию сияқты көрінген. Сол себепті колледждегі әріптесіме шықсам ба деп ойладым. «Маған тұрмысқа шық, алақаныма салып аялап өтем» деп қоймайтын. Соған тұрмысқа шығам деп жүргенде көрші жігіт арамызға түсті. «Жайыңа жүр! Бұл қыз менікі, сұраушысы жоқ деме!» деп ол жігітті де менен аластап тынды.

Көршімнің пысықтығына таң қалдым. Ол тіпті мен жоқта үйге барып, анаммен танысып, мән-жайды айтып үлгеріпті. Бірақ зорлағанын жасырып қалған.

«Қызым, сенің оған деген сезімің бар ма, отбасылы екенін білесің бе?» деп анам сұрақтың астына алды. «Былайша тәуір жігіт сияқты, әйелі бала туа алмайды екен. «Үш қызбен қалғым келмейді» деп отыр. Арғы жағын өзің шеш. Жасың болса біразға келіп қалды...» деп анам бар мәселені оп-оңай өзіме ысыра салды.


Қазір енді төрт айдан бері көршіммен біргемін. Әзірге арамыздағы махаббатты әйелі білмейді, әлде білсе де байқатпай жүр ме екен. Қысқасы, кезінде өзімді зорлаған адам қазір сүйіктіме айналды. Жақында басқа ауданнан екі бөлмелі пәтер әперіп, атыма жазып қойды. Бұрын есіл-дертім жұмысымды дұрыс атқару, бар ойым анамды қуанту болатын. Қазір өзімнің нәзік әйел екенімді сезініп, бақыттан басым айналып жүр.


Бірақ ол мені екінші әйелі ретінде жариялауға асығар емес. «Мен келіп тұрсам болды ғой, басқасы не керек» деп қашқақтап жүр. «Бір түйір қызымды сұраусыз, кәдесіз біреуге беріп қоя салмаймын. Әке-шешесі алдымнан өтіп, рұқсатымды алсын. Әйтпегенде пәтерін де, басқасын да өзіне қайтарып, қолыма кел» деп мамам қоймай жатыр. Екі оттың ортасында қалғадаймын. Мұндайда не істеуге болады?»


«Етті неге көп қостың?»: шымкенттік келіншек абысынының тосын мінезін түсінбей жүргенін айтады

«Бұдан да алқаш болғаның артық еді»: құмар ойынының құрбаны болған әйел өз өмірінен сыр шертті

«Анама «жарымессің» деп ұрысушы еді»: шымкенттік келіншек келініне күн көрсетпейтін әжесі туралы айтып берді