“Квантовый скачок” жасап, өміріңізді өзгертіп жіберсеңізші...
Көрнекілік сурет: ашық дереккөзден алынды
Байқайсыз ба, соңғы уақытта "Квантовый скачок" деген фразаны коучтар жиі қолданып жүр. Осы бір сөз тіркесін естіген сайын "Кванттық секіріс деген не?", "Кванттық секіріс жасау үшін не істеу керек?" деген сұрақтар сізді де қызықтырған болар. Ендеше, көп көкейіндегі осы сұрақтарды бірге талдайық.
НЕ?
Бұл кванттық физикада қолданылатын ұғым, ол бөлшектің (мысалы, атом немесе электрон) бір энергетикалық деңгейден екіншісіне кенеттен және үздіксіз өтетінін білдіреді. Бұл процесс барысында аралық күй болмайды, яғни бөлшек бір деңгейден екіншісіне "секіріп" өтеді. Ал бұны адам өмірімен байланыстырсақ, кванттық секіріс дегеніміз – бұл кез келген салада болған күрт, сапалы және үлкен өзгеріс.
МЫСАЛ
Карьерадағы кванттық секіріс: Бір адам қатардағы қызметкер болып жұмыс істеп жүріп, жаңа дағдылар үйренеді (мысалы, IT бағдарламаларын игереді). Содан кейін ол басқа жоғары жалақылы қызметке ауысып, бірнеше жылдық өсу процесін бірден айналып өтеді.
Кілт: Бұл секіріс адамның жаңа білімге тез бейімделуі және батыл шешім қабылдауы арқасында болды.
Қаржылық кванттық секіріс: Біреу бірнеше жыл бойы кішігірім кәсіппен айналысып жүріп, дұрыс стратегияны тапқаннан кейін табысын 10 есе арттырады. Мысалы, онлайн курстар жасауды бастайды немесе әлеуметтік желілерде сату техникасын белсенді пайдаланады.
Кілт: Бұл адамның тәуекелге баруы және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануы арқылы жүзеге асады.
Жеке өмірдегі кванттық секіріс: Адам ұзақ уақыт бойы өзін жалғыз сезініп, өміріне өзгеріс енгізуге бел байлайды. Ол жаңа ортаға кіріп, жаңа таныстықтар жасайды, нәтижесінде өмірлік серігін табады.
Кілт: Қорқыныш пен жалғыздықтан арылып, белсенді әрекет ету.
Сымбаттағы кванттық секіріс: Бір адам артық салмақтан зардап шегіп, ұзақ уақыт бойы ештеңе өзгертпей жүрген. Бір күні ол нақты жоспар жасап, дұрыс тамақтанып, спортпен айналыса бастайды. Нәтижесінде 3 айда 25 кг салмақ тастап, өзіне деген сенімі артады.
Кілт: Тұрақты әрекет пен өзіне деген жаңа көзқарас.
Оқудағы кванттық секіріс: Бір оқушы математикадан төмен көрсеткішке ие болған, бірақ арнайы курстар мен менторлық көмекті пайдаланып, бірнеше айда үздік нәтижеге қол жеткізеді.
Кілт: Дұрыс әдістеме мен тәртіп.
ҚАЛАЙ?
Кванттық секіріс жасау үшін адам өз өміріндегі шектеулерді бұзып, жаңа деңгейге көтерілуі керек. Ол үшін ең бірінші адам:
- Жаңа шешім қабылдау
- Белсенді, үздіксіз әрекет ету
- Қолайсыз жағдайлардан қорықпай, батылдық танытуы қажет.
Кванттық секіріс үшін ең маңыздысы – сенімді әрекет ету. Тұрақты түрде өзіңді дамытып, қолайсыздықтан қорықпай қадам жасағанда, өзгеріс сөзсіз болады.
Жүзеге асырудың басты тәсілі – сананы трансформациялау және бірден әрекет ету. Бұл тәсілдер адамның ішкі дүниесінде және қоршаған ортасында жедел әрі терең өзгерістер тудырады.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1. Санадағы шектеулерді жою
Бізді баяулататын негізгі нәрсе – өз сенімдеріміз бен қорқыныштарымыз. Оларды өзгерту жылдам алға жылжуға мүмкіндік береді.
Техника:
- "Сенімдер картасын" жасаңыз: Өз шектеуші ойларыңызды жазыңыз ("Мен бұған лайық емеспін", "Менде жеткілікті білім жоқ"). Содан кейін оларды қарама-қарсы позитивті аффирмациялармен ауыстырыңыз.
- Жан жарақаттарымен жұмыс: Егер өткен жан жарақаттары немесе қателік тәжірибелері аяғыңызды матап ұстап тұрса, психолог немесе коучпен жұмыс істеңіз.
2. "Болашақтан ойлау" тәсілі
Қазірдің өзінде өз мақсатыңызға жеткендей өмір сүріңіз. Бұл санаңызға "Мен осыған дайынмын" деген сигнал береді.
Техника:
- Визуализация: Күніне 10-15 минут өз болашағыңызды анық елестетіңіз. Мысалы, өзіңіз қалаған жұмыста істеп жатқаныңызды, жетістіктеріңізді сезініңіз. Бұл бейсаналықты қажетті нәтижеге бағыттайды.
- Тура солай әрекет етіңіз: Егер сіз бай немесе табысты адам болғыңыз келсе, сол бір сәтті күтпей-ақ табысты адам сияқты киініп, әрекет етіңіз және қарым-қатынас жасаңыз.
- Күнделікті қайталайтын жағымды сөз тіркестерін жазып қойыңыз. Мысалы, "Мен өз өміріме оң өзгерістер енгізіп жатырмын".
3. Өзгертуші шешім қабылдау
Кейде кванттық секіріс жасау үшін тек бір шешім жеткілікті. Оны созбай қабылдап, бірден әрекет етіңіз.
Қай жерде тұрғаныңызды түсініңіз және қай бағытта өзгеріс керек екенін анықтаңыз.
Техника:
- "10 секунд ережесі": Егер сізге маңызды шешім қабылдау керек болса, 10 секунд ішінде әрекет етуді таңдаңыз. Ұзақ ойлану қорқыныш пен күмән тудырады.
- Ең үлкен мақсатқа бірінші қадам: Кез келген үлкен өзгеріс кішкентай, бірақ маңызды алғашқы қадамнан басталады.
4. Комфорт аймағынан тез шығу
Комфорт аймағынан шығу өміріңізге бірден жаңа мүмкіндіктерді тартады.
Техника:
- "Бір батыл қадам": Бірден өзіңізден қорқатын немесе бұрын жасамаған нәрсені жасаңыз. Мысалы, жаңа таныстық бастау, көпшілік алдында сөйлеу, саяхатқа жалғыз шығу.
- Тәуекелді қабылдау: Өзгерістердің 90%-ы бізден батылдықты талап етеді. Қорқынышқа қарамастан қадам жасаңыз.
- Өзіңнің жайлы ортаңнан шықпайынша, жаңа мүмкіндіктерге жете алмайсың.
- "Күнделікті бір жаңа нәрсе": Күн сайын өзің бұрын жасамаған бір әрекет жасаңыз.
- Қорқынышпен жұмыс: Сені тоқтатып тұрған ең үлкен қорқынышты анықтаңыз және оған қарамастан әрекет етіңіз.
5. Ортаны өзгерту
Қоршаған ортаңызды өзгерткенде, санаңыз да өзгеріске бейімделеді.
Техника:
- Қуатты адамдармен қарым-қатынас: Жетістікке жеткен және сізді шабыттандыратын адамдармен байланыс орнатыңыз.
- Ортаны физикалық өзгерту: Жұмыс орныңызды немесе өмір сүретін жеріңізді жаңартыңыз.
- Сені шабыттандыратын және алға итермелейтін адамдармен уақыт өткізіңіз, ал теріс адамдардан аулақ болыңыз.
6. Күшті энергия сілкінісі
Энергияны тазарту мен оны жаңарту жылдам нәтиже береді.
Техника:
- Медитация немесе тыныс алу тәжірибелері: Бұл әдістер сана мен денеге жаңа қуат әкеледі.
- Детокс: Тамақтану, ойлау немесе қарым-қатынастағы зиянды нәрселерден бас тартыңыз.
7. Коуч немесе ментордың көмегі
- Өз жолыңызды ұзақ іздеудің орнына, сізге бағыт көрсететін тәжірибелі адамнан қолдау алыңыз.
- Айналаңыздан өмірі күрт өзгеріп жатқан адамдарды табыңыз. Қалай қадам жасағанын сұраңыз.
- Өз салаңыздағы үздіктерді зерттеп, олардан кеңес алуға тырысыңыз.
- Онлайн курстар мен тренингтерді пайдалану.
- Ереже: Ең бастысы әрекетті тоқтатпау.
Кванттық секірісте шұғыл және нақты қадамдар маңызды. Бір қадамнан екіншісіне ауысып, тоқтамай алға жылжып отырсаңыз, үлкен нәтижеге жетесіз.
Олай болса, “жазға дейін” немесе “күзге дейін” деп нақты мақсат қойып, 4-7 айда кванттық секіріс жасап, айналаңыздағы адамдарды таңқалдырсаңызшы.
Дайындаған: Ж. Смағұлова,
Тағы да оқыңыз