Президент референдумда дауыс берді

0
635

​Мемлекет басшысы астанада Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.


Президент референдумда дауыс берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер мен өзгерістен енгізуге арналған референдумда дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы астанада Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, референдум барысында ел Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесін қолдау немесе оған қарсы дауыс береді.

Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адам. Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктер жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды.