Тоқаев: Мемлекеттік қызметкерлер халыққа шынайы есеп беруі керек

0
485

Президент өз үндеуінде халыққа көрсетілетін қызмет сапасы туралы пікір білдірді.


Тоқаев: Мемлекеттік қызметкерлер халыққа шынайы есеп беруі керек

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Президент өз үндеуінде халыққа көрсетілетін қызмет сапасы туралы пікір білдірді.

"Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл - туған халқының алдында жауапкершілік арқалау деген сөз", - деді Мемлекет басшысы.