​Бұл елдерге бару үшін сізге визаның қажеті жоқ

3
7 519

Шетелдік төлқұжат өз елімізден беріледі. Виза белгісі баруды жоспарлаған елде не Қазақстандағы елшілігінде қойылады.


​Бұл елдерге бару үшін сізге визаның қажеті жоқ

фото: doctem.com

Шетелдік төлқұжат — ел аумағынан тыс жерде жүргенде жеке басыңызды куәландыратын құжат. Ал виза — қандай да бір ел (елдер тобы) шекарасына кіруге рұқсат беретін шетелдік төлқұжатқа қойылған белгі.

Шетелдік төлқұжат өз елімізден беріледі. Виза белгісі баруды жоспарлаған елде не Қазақстандағы елшілігінде қойылады.

Қазіргі таңда әлемнің кей елдеріне шетелдік төлқұжат түріне қарай визасыз кіру режимі орнатылған. Шетелдік төлқұжаттың түрлері:

D — ҚР дипломатиялық төлқұжаты;

S — ҚР қызметтік төлқұжаты;

N — ҚР азаматының төлқұжаты.

mfa.gov.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, шетелдік төлқұжаттың барлық түріне (D, S, N) визасыз кіруге болатын елдер қатары:

  • Әзірбайжан (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Аргентина (D, S — 90 күнге дейін, N — 30 күнге дейін)
  • Армения
  • (D, S — 90 күнге дейін, N)
  • Беларусь (D, S — 90 күнге дейін, N)
  • Бразилия (D, S — 90 күнге дейін, N — 30 күнге дейін)
  • Гонконг (D, S, N — 14 күнге дейін)
  • Грузия (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Индонезия (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Корея (D, S — 90 күнге дейін, N — 30 күнге дейін)
  • Қырғызстан (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Македония (D, S — 30 күнге дейін, N — 90 күнге дейін)
  • Малайзия (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Молдова (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Моңғолия (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Біріккен Араб Әмірліктері (D, S — 90 күнге дейін, N — 30 күнге дейін);
  • Ресей (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Сейшель аралдары (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Сербия (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Тәжікстан (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Түркия (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Өзбекстан (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Украина (D, S, N — 90 күнге дейін)
  • Филиппиндер (D, S, N — 30 күнге дейін)
  • Эквадор (D, S, N — 30 күнге дейін)

Келесі елдер аумағына дипломатиялық төлқұжат иесі ғана (D) визасыз 90 күнге дейін кіре алады:

  • Бельгия
  • Ватикан
  • Германия
  • Грекия
  • Дания
  • Испания
  • Италия
  • Латвия
  • Литва
  • Люксембург
  • Нидерланды
  • Норвегия
  • Польша
  • Португалия
  • Словения
  • Чехия
  • Швейцария
  • Эстония
  • Финляндия
  • Франция

Дипломатиялық төлқұжат иелері Мысыр Араб Республикасында 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

Дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелеріне ел шекарасына визасыз кіруге рұқсат беретін мемлекеттер:

  • Болгария (D, S — 90 күнге дейін)
  • Босния және Герцеговина (D, S — 30 күнге дейін)
  • Венгрия (D, S — 30 күнге дейін)
  • Вьетнам (D, S — 30 күнге дейін)
  • Израиль (D, S — 90 күнге дейін)
  • Үндістан (D, S — 90 күнге дейін)
  • Иордания (D, S — 30 күнге дейін)
  • Иран (D, S — 30 күнге дейін)
  • Кипр (D, S — 90 күнге дейін)
  • Қытай (D, S — 30 күнге дейін)
  • Куба (D, S — 30 күнге дейін)
  • Мексика (D, S — 90 күнге дейін)
  • Пәкістан (D, S — 30 күнге дейін)
  • Румыния (D, S — 90 күнге дейін)
  • Сингапур (D, S — 30 күнге дейін)
  • Словакия (D, S — 90 күнге дейін)
  • Таиланд (D, S — 30 күнге дейін)
  • Түркіменстан (D, S — 30 күнге дейін)
  • Хорватия (D, S — 30 күнге дейін)
  • Черногория (D, S — 90 күнге дейін)
  • Чили (D, S — 90 күнге дейін)
  • Шри-Ланка (D, S — 30 күнге дейін)
  • Жапония (D — 30 күнге дейін, S — 90 күнге дейін)

Тек қана ҚР азаматтық төлқұжаты иелеріне ел шекарасына визасыз кіруге мүмкіндік беретін мемлекеттер:

  • Албания (N — 90 күнге дейін)
  • Барбадос (N — 28 күнге дейін)
  • Колумбия (N — 90 күнге дейін)
  • Коста-Рика (N — 90 күнге дейін)
  • Намибия (N — 90 күнге дейін)

Израиль, Таиланд, Фиджи, Макао елдерімен Қазақстан азаматтарына (N) визасыз кіруге рұқсат беру ісі әлі де қарастырылып жатыр.

Дайындаған: А.Мейірханқызы

ERNUR.KZ