Демалыс күндерін ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН дұрыс?

0
3 312

Үйде жата бергеннен демалам деп ойламаңыз.


Демалыс күндерін ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер сіз жыл он екі ай бойы үздіксіз жұмыс істейтін болсаңыз, бір-екі күндік демалыс уақыттарын тиімді пайдалану қажет. Ал оны қалай тиімді пайдалану керек екендігін біз айтып береміз. Бұл нұсқалар физикалық және моральдық күйді қалпына келтіруге көмектеседі.


Табиғатқа шығу

Демалыс – бұл ең алдымен күнделікті жүретін ортаның өзгеруі. Яғни, демалыс уақытында төсектен тұрмай жатсаңыз да, жаңа жерде немесе табиғатта жүргендей демала алмайсыз. Таза ауамен тыныс алу, табиғи ортадағы қонақүйдің терезесінен табиғат сұлулығын тамашалау кез келген адамға жан рахатын сыйлайды.


Су процедуралары

Мәселен, адамдар жүзу арқылы бойы мен ойындағы ауыртпашылықтарды жеңе алады. Яғни су денедегі жағымсыз энергияларды ғана емес, миды да автоматты түрде босаңсытады. Сондықтан қалыпқа келтіру бағдарламаларының бір тармағы – бассейн болуы керек. Бұл тұрғыда бассейннің үші түрі болады: ұзындығы 50-100 метр болатын үлкен жабық бассейн, ыстық су немесе теңіз суы. Ішіндегі ең пайдалысы – теңіз суында шомылу. Сонымен қатар, сауналар, монша, массаж және бет пен денеге әртүрлі күтім жасайтын СПА кешендері бар.


Жануарлармен байланыс

Жануарлармен байланыс окситоцинді яғни «бақыт гормонын» жоғарылататыны дәлелденген. Сонымен қатар кортизолды немесе «стресс гормонының» деңгейін төмендетеді екен. Бұл тұрғыда адамдардың жануарларды қолмен тамақтандырып, еркелетіп, қамқорлық танытқаны пайдалырақ.


Бейтаныс жолмен серуендеу

Демалыс күні кіммен және қайда барғаныңыз маңызды емес. Маңыздысы – жақын маңдағы саябаққа болсын, орманға немесе қорыққа болсын барып, үйден шығу. «Жұмыс-үй-жұмыс-үй» схемасын өзгерту стрессті азайтады.

Шығар алдында смартфонды қуаттаңыз, жылынатын заттарды, термос пен көрпе алыңыз. Сөйтіп, серуендеу кезінде кідіріңіз, тоқтаңыз және ешқайда асықпай демалыңыз.


Күні бойы қол жетпей жүрген кітапты оқыңыз

Егер сіз үйден шыққыңыз келмесе, кітаптардың көмегімен саяхатқа шығыңыз. Ұзақ медитация сияқты ынта-ықыласпен оқу да демалуға көмектеседі. Бір кітапты оқудан жалықсаңыз, жаңалықтарды мұқият қарап шығыңыз, достарыңыздың ұсыныстарын еске алыңыз, балалар немесе жасөспірімдер кітаптарын ашыңыз, өлеңдер жинағын оқыңыз немесе графикалық романның иллюстрацияларын қараңыз. Сіз кітаптарды әртүрлі тәсілдермен оқи аласыз: мысалы, монотонды сабаққа кітаптың аудио нұсқасын қосып, жақын адамыңызбен бірге дауыстап оқуды ұйымдастырыңыз. Немесе кітаптағы тәжірибеңізді салыстыру үшін фильм көруге бейімделіңіз. Сонда сізде әрқашан талқылайтын нәрсе болады.


Кешкі асты бірге дайындаңыз

Демалыс күні жақындарыңызды бір дастарханнан дәм татуға шақырыңыз. Егер сіз тамақты сирек пісірсеңіз де, бұл бәрін біріктірудің тамаша тәсілі болады. Достар мен туыстар арасында аспаздық айқас немесе ең дәмді тағамға шығармашылық конкурс ұйымдастыруға да болады. Жаңа рецепт бойынша тағам дайындап көріңіз немесе балалық шақтағы сүйікті дәмді қайталаңыз. Егер тамақ дайындағыңыз келмесе, тоңазытқыш сөмкесін алыңыз, супермаркетке барыңыз және пикник ұйымдастырыңыз.


Шабыттандыратын фильм көріңіз

Егер сіз бос уақытыңыздан жаңа сезімдерді сезінгіңіз келсе, табиғат туралы деректі фильм, жақсы анимациялық фильм немесе жақсы оқиғамен аяқталатын отбасылық фильм көріңіз. Көру алдында мынадай көңіл-күй қалыптастырыңыз: орынды реттеңіз, жеңіл тағамдар алыңыз, жарық пен дыбысты реттеңіз.


Үйді жабдықтау

Демалыс күндері – сүйікті үйіңізге жайлылық қосудың тамаша уақыты. Жаңа сөрені шегелеп, перделерді ауыстырыңыз, фотосуретті басып шығарып, жақтауға салыңыз немесе бүкіл отбасы үшін қызықты нәрсе жасаңыз.


Балық аулау арқылы жаныңызды демалдырыңыз

Балық аулау адамның жанына тыныштық және қуаныш сезімін сыйлайды. Нил Гайман айтқандай: «Адам балық аулауға балық үшін емес, жан тыныштығы үшін барады».


Талантыңызды ашыңыз

Сіз бала кезіңізде кім болғыңыз келді? Армандарыңызды еске алыңыз және оларды жүзеге асыра бастаңыз. Бүгінгі таңда кез-келген жастағы адам үшін талантты нөлден бастап дамытуға көмектесетін көптеген курстар бар. Мастер-классқа, әуесқой бөлімге немесе студияға жазылыңыз, шығармашылық клубын табыңыз немесе интернетті пайдаланып қабілеттеріңізді дамытыңыз. Осылайша біршама уақыт өткеннен кейін бір күні бәрін нөлден бастағаныңызға сенбей қаласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Саяхат туралы БІЗ БІЛМЕЙТІН деректер


Қақаған қыста ТЕҢІЗДЕ ДЕМАЛҒЫҢЫЗ келе ме? Онда ұсыныстарға құлақ асыңыз