2015 жылдан кейін Coca-Cola сусынын сатуға ресми түрде тыйым салған бір ғана ел қалды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Солтүстік Корея – бөгде халыққа белгісіз заңдары бар әлемдегі ең жабық елдердің бірі. Мұндағылар кез-келген ерсі әрекетке өте қатал және тыйымдары көп. Алғаш естігенде аң-таң қылатын ерекше деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
1. Ыстық душ жоқ
Сотүстік Кореяда басқа елдердегідей орталық жылу жоқ. Тіпті, ыстық сумен қамтамасыз ете алатын құрылғыларды табу да қиынның қиыны. Қарапайым халықтың көпшілігі, тіпті қала тұрғындары да суды жылыту үшін әлі де қазан-ошақ қолданатын көрінеді.
2. Көлікпен жүру мүмкін емес
Солтүстік Кореяда автокөліктің бағасы өте қымбат. Сондықтан байлардан басқасы қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр. Одан бөлек, велосипедті де екінің бірі ала алмайды екен. Ал, оған қолы жеткендер велосипедіне көліктіңкіндей нөмір тағып жүруі тиіс.
3. Тек қара түсті «джинсы»
Солтүстік Кореяда «джисы» шалбарлар да қымбат. Тіпті, қара түстіден басқасын сатуға қатаң тыйым салып тастаған. Өйткені, әлемдік брендке айналған киім ел арасында араздық туғызуы мүмкін деп саналады. Ал туристерге қалаған киіммен жүруге рұқсат етіледі, бірақ Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирге арналған ескерткішке көк джинсы сияқты киімдерді киіп баруға болмайды.
4. Дүкендерде Coca-Cola сусыны сатылмайды
2015 жылдан кейін әлемге әйгілі Coca-Cola сусынын сатуға ресми түрде тыйым салған бір ғана ел қалды. Әлбетте, ол – Солтүстік Корея. Мұндағы дүкендердің бір де біреуі бұл сусынды сөреге қоймайды. Бұл тыйым да джинсы сияқты идеологиялық себептерге байланысты пайда болған.
5. Шектеулі интернет
Бүкіл әлемге қанатын жайған ғаламтор Солтүстік Кореяның ғана шекарасына кіре алмайды. Әрине, бұл елде интернет пен компьютерлер бар, бірақ оларды тек шектеулермен пайдалануға болады. Ғаламторға кіру үшін "Кванмен" деп аталатын жергілікті компьютерлік желіні қолданады. Оның өзіне шектеу қойып, бар болғаны мыңнан астам сайтқа ғана кіруге мүмкіндік қалдырған екен. Бірақ, олардың қатарына шетелдік емес, тек отандық сайттар қосылған. Сондай-ақ, ел аумағында Wi-Fi желісі мүлдем жоқ. Сондықтан корейлер басқа елдердің дүкенінде тұрған телефондар мен планшеттерге қызықпайды.
6. Валюта тыйымы
Мұндағы кейбір ерекше тыйымдар жергілікті тұрғындардың ғана емес, туристердің де өміріне қатысты. Туристер Солтүстік Кореяның вондарын пайдалана алмайды, тек доллар, евро және Юаньға рұқсат етілген. Сонымен қатар, туристер жергілікті халыққа арналған дүкендерге емес, тек шетелдіктерге қызмет ететін дүкендерге кіре алады.
7. Шетелде демалу? Жоқ!
Біз ақша жинап, демалыста шетелдерге баруды жоспарлаймыз ғой. Ал солтүстіккореялықтар мұндайды ойламайды да. Өйткені жергілікті тұрғындарға ел шекарасынан шығуға қатаң тыйым салынған. Егер, олар елдің басқа өңірлеріне саяхаттап немесе туыстарын іздеп барғысы келсе, алдын-ала арнайы рұқсат алады.
8. Гигиена құралдары
Солтүстік Кореядағы тұрғындардың көпшілігі гигиена құралдары жайлы білмеуі де мүмкін. Себебі, мұнда ондай қажеттілікті сатып алу өте қиын. Сондықтан, корей әйелдерінің көпшілігі басқа елдердегідей гигиена құралдарының орнына орта ғасырлардағыдай қарапайым заттарды пайдаланады.
9. Шетелдіктерге де тыйым бар
Бұл елде туристерге арналған тағы бір тыйым бар. Яғни, рұқсатсыз жергілікті тұрғындармен сөйлесу, олармен немесе көрнекті орындарда суретке түсу мүмкін емес. Тыйымды бұзғандар түрмеге отырмайды, бірақ жергілікті бақылау қызметінің өкілінен қатаң сөгіс алады. Сондықтан, жергілікті халық туристерге жақындамайды, тіпті қоғамдық көлікте қасына отырмайды. Бұл ережелер туралы туристер елге келген кезде ескертілетінін айта кетейік.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Жуырда әлемдегі ЕҢ ҰЗЫН аспалы көпір ашылады