79 жастағы шымкенттік қария көрші елдерді велосипедпен аралап жүр

0
1 776

Ширақ қимылды шымкенттік қарт 150 шақырымды түске дейін жүріп өткен.


79 жастағы шымкенттік қария көрші елдерді велосипедпен аралап жүр

ERNUR.KZ. Шымкенттік қария Өзбекстан қалаларын велосипедпен аралап жүр, деп жазады 24.kz.

Осы жылы 79 жасқа толатын шымкенттік Кеңесбек Сейтімбетұлы Ташкентке велосипедпен барды.

Ширақ қимылды шымкенттік қарт 150 шақырымды түске дейін жүріп өткен. Велошабандоз Өзбекстанның көне қалаларын велосипедпен аралап, екі елдің ынтымағын дәріптемек. Бұған дейін Мекке, Медине, Астана ЭКСПО, Ресей мен Ауғанстан еліне жалғыз саяхаттап барған жиһанкез бұл сапарын Қазақстандағы Өзбекстан жылына орайластырып отыр.

Сонымен қатар, қария жүрген жерінде көпшілікке Елордамыз Астананың 20 жылдығы мен Түркістанның облыс орталығы болып жарияланғанын айтып, марқайып жүр. Жалпы Кеңесбек ата үшін шайтан арбамен алыс жол жүріп, ел аралау 30 жылдан бергі әдет. Осы аралықта 20 мыңға жуық шақырым жол жүріпті. Ұлттық намысты жоғары қоятын қария 75 жасында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кабулға дейін барып қайтқан. Жол жүруден шаршамайтын қария: «күш-қуатты бойда сақтаудың бір сыры спортта»,- дейді .

«Негізі мына қысқы және жазғы шілдеде велосипедпен жүруге болмайды мысалы үшін. Бірақ мен құдайға шүкір күнде жаттығудың арқасында, денсаулықтың арқасында шаршамай осы жерді аралап жүрмін. Біз басқа елдерге қарағанда Қазақ пен Өзбек өте жақын адамбыз. Қажетті құндылық не? Басты құндылық Қазақстан болсын, Өзбекстан болсын - Бейбітшілік. Соның жаршысы. Бейбітшілік болса, тыныштық болса, Құдайға шүкір, жаман болмаймыз», - дейді Шымкент қаласының қариясы Кеңесбек Сейтімбетұлы.