АРЫСҚА КӨМЕК: Еліміздің өзге өңірлері гуманитарлық көмек жеткізуде

0
1 758

Шымкент қаласында гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойына жүргізілуде


АРЫСҚА КӨМЕК: Еліміздің өзге өңірлері гуманитарлық көмек жеткізуде

Арыстағы оқиға байланысты еліміздің өзге өңірлерінен гуманитарлық көмек келуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы 592/3, сауда логистикалық орталыққа Жамбыл облысынан 36 тонна азық-түлік тауарлары мен жеке тазалыққа арналған заттар келіп жетті.

Атап айтқанда, 18 мың тонна бірінші санаттағы жұмыртқа, 10 тонна ұн, 1300 дана нан, 10 тонна қант, 2000 литр сүт жəне тағы басқа заттар жеткізілді.

Ал, кеше түнде бірнеше фуралармен Қызылорда облысынан гуманитарлық жүк жеткізілді.

Алдағы уақытта басқа да өңірлерден көмек жүктері келеді деп күтілуде.