Аударылып кеткен: Шымкентте орталық көшелердің бірінде жол апаты болды

0
523

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Аударылып кеткен: Шымкентте орталық көшелердің бірінде жол апаты болды

Фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды

Шымкент қаласындағы орталық көшелердің бірінде жол апаты болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бгл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған оқиға кеше сағат 15:30 шамасында Д.Қонаев бульвары мен Тәуке хан даңғылының қиылысында болған.

“Toyota Highlander және BMW көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.