Биыл Шымкентте 2 мыңға жуық адам несиелік баспанаға қол жеткізеді

0
497

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды кезекті қабылдауында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Биыл Шымкентте 2 мыңға жуық адам несиелік баспанаға қол жеткізеді

Биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды кезекті қабылдауында осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған бағыт бойынша «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында 27 үйді сату бойынша өтінімдер қабылдаған болатын.
1 кезеңдегі 576 пәтер бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында конкурс өткен. Нәтижесінде, 590 өтінім қабылданып, 273 азаматтың өтінімдері мақұлданған. 2 кезең бойыша 512 пәтерге ағымдағы жылдың сәуір-мамыр аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде, 1084 өтінім қабылданды. Қазіргі таңда мақұлданған 280 өтінім бойынша төлем қабілетін растаған азаматтар арасында пәтер бөлу процедуралары жүргізілуде. 3 кезеңге сәйкес, 640 пәтерге биыл мамыр-маусым аралығында конкурс өткізіліп, нәтижесінде 1240 өтінім қабылданған. Қазіргі таңда банк тарапынан конкурсқа қатысқан азаматтардың төлем қабілетін растау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, барлық қалған несиелік бағыттағы пәтерлер бойынша аталған 3 кезең біткеннен кейін тағы конкурс жүргізілу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.
Айта кету керек, «Шаңырақ» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады (2021 жылға – 126 917,4 теңге). Аталған бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны кепіл бола алады.