Қазіргі кезде науқастар үшін дайындалған төсек орынның 50 пайызы бос емес.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Шымкент қазіргі таңда «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте қалада КВИ-дің 264 жағдайы тіркелді. 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 163 адам үй бақылауға алынған.
Медицина мамандарының айтуынша, қалада инфекцияның күрт өсуінің басты себебі, дельта штаммның пайда болуы мен той, жиындардың әлі де тоқтамауы.
Айта кетейік, қазіргі кезде науқастар үшін дайындалған төсек орынның 50 пайызы бос емес. Стационарда 1097 науқас ем қабылдап жатыр.