COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 6 жағдай тіркелді

0
509

Ауырғандардың көбі – ересектер.


COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте  6 жағдай тіркелді

Үшінші мегаполисте коронавирусты инфекция қайта тіркелуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы 2022 жылғы 05 ақпаннан бастап «жасыл» аймақта.

"Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде COVID-19 инфекциясымен 6 жағдай тіркелді. Балалар арасында 1 жағдай анықталған. Ауырғандардың көбі – ересектер", - делінген баспасөз хабарламасында.

Коронавирусты инфекциямен ауырғандар профилактикалық тексеру кезінде және науқастар өз бетімен медициналық көмекке жүгінгенде анықталуда. Коронавирустың симптомды түрімен ауырғандар емдеу хаттамасына сәйкес ем алады, ал симптомсыз түрімен ауырғандар 10 күн медициналық бақылауда болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында вакцинациялау «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. Вакциналар алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерінде жеткілікті.

Шымкент қаласында егу науқаны басталғалы барлығы 602914 адам вакцинацияланған. 346717 адам ревакцинациядан өтті.