Қайғылы оқиға: Шымкентте 22 жасар бойжеткен өзіне қол жұмсады

0
927

Мәйітті көзбен қарау кезінде сарапшылар дене жарақаттарын таппады.


Қайғылы оқиға: Шымкентте 22 жасар бойжеткен өзіне қол жұмсады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 22 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсап көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 22 маусым күні Еңбекші ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жас қыздың өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

"Мәйітті көзбен қарау кезінде сарапшылар дене жарақаттарын таппады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Еңбекші АПБ-ның СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркеді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.