Мұрат Әйтенов: "Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келе бастады"

0
939

Провизорлы орындардың 40 пайызы бос.


Мұрат Әйтенов:

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келе бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем жөнінде сөз қозғаса, Ш.Оспанова жедел жәрдем қызметі бойынша ахуал қалыпқа түскенін және өзекті мәселе жоқ екенін жеткізді. Осы ретте Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мамандарға бір күнде 30 мың шақырту қабылдай алатын диспетчерлік орталықтың ашылуын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ штаб отырысында бүгінде 323 ИВЛ (өкпені механикалық желдету аппараты) аппараты алдағы уақытта 475-ке жеткізу жоспарланып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар қала аумағында барлық 24 ауруханаларда бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі айтылды. Осыған орай қазіргі таңда Шымкент қаласында кислород өндіретін 5 мекемемен келісімшартқа тұрып, кислородты баллондар барлық ауруханаларға тұрақты түрде жеткізілуде екен.
Өз кезегінде қала әкімі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту барысында халыққа қажетті дүниелерді іске асыру барысын тездету керектігін қадап айтты.
Екі күндеп шешім шығаратын уақыт жоқ. Жұмысты шұғыл түрде нақты бір жүйеге қоюуымыз керек. Ал ақпараттарды уақытылы жеткізуіміз керек. Бұл жүйе реттеліп, ендігі кезекте қала тұрғындары «Сovid-19 Шымкент» сайты арқылы бүгінгі жағдайға байланысты мәліметтерді толық алып отырады, – деді М.Дүйсенбекұлы. Оған қоса, қала әкімі тиісті мамандарға мемлекеттік күндізгі стационарларға бекітілген арнайы ереже таратылуын тапсырды. «Яғни, науқастар емнің тегін екенін білуі керек. Егер медицина қызметкері ем үшін дәрі-дәрмек сұраса, «109» нөміріне хабарласып, құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері бар», – деді өз сөзінде қала әкімі.
Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатқанын жеткізіп, арнайы мониторингтік топтың жұмысы нәтижесінде қалада дәріханалардағы дәрілерлердің бағасы тұрақтала бастағанын алға тартты. Одан бөлек, айыппұл салу жұмысы күшейгенін тілге тиек етті. Яғни, енді тұтынушыларға есепшот бермеген дәріханалар да әкімшілік жауапқа тартылады.
Жиын барысында қаладағы дәрілік заттар сақтайтын қоймалар мен дәріханадағы дәрілердің жетіспеушілігі бүгінде жақсара түскені айтылды. Бұл мәселені шешу жөнінде шет елдерден ең керекті дәрі-дәрмектер алынған. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы дәріханаларда 11 893 – қызу басатын дәрі, 40 845 – антикоагулянттар, 90 106 – бактерияға қарсы терапия, 81 175 – вирусқа қарсы дәрі, 907 – аскорбин қышқылы және 87 148 жеке қорғану құралдары бар.
Штаб отырысында М.Әйтенов баяндамашыларды тыңдап болған соң, әр саланың басшыларынан түйткілді мәселелерін сұрап, ол мәселелер лезде шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ тиісті мамандарға жан сақтау бөліміндегі ахуалды қалыпқа келтіруді тапсырып, реанимациядағы бос орындар санын 60 пайызға түсіру керек екенін айтты. Ал провизорлы орындар жеткіліктігін, қазіргі таңда олардың 40 пайызы бос екенін алға тартты. Осы ретте М.Дүйсенбекұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбектен жақында ашылғалы отырған провизорлы орталық жайында сұрады. Орынбасардың айтуынша, бес қабатты 1500 орындық провизорлы орын ашылады. 1-2 қабатта – 300 орын, 3-4-5 қабатта 1200 орын болады. Медициналық кислородты баллондармен толық қамтылады.
Жиын соңында қала басшысы қалада шектеу шаралары күшейіп және эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде бүгінде жағдай қалыпқа түсе бастағанын жеткізді. Дегенмен бұл жұмыстарды әлі де күшейту керек екенін айтты.