ШЫМКЕНТ: 100-ге жуық интернет-алаяқтық қылмыс ашылды

0
469

Қазіргі таңда 5 күдікті анықталып, 2-і Ресей Федерациясында құрықталып, экстрадициялануда.


ШЫМКЕНТ: 100-ге жуық интернет-алаяқтық қылмыс ашылды

Шымкентте биыл құрылған арнайы жедел-тергеу тобы 94 интернет-алаяқтық қылмысты ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы брифинг барысында мәлімдеді.
2022 жылы қаламызда тіркелген әрбір интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу және толыққанды тергеп-тексеру үшін Полиция департаментінде 4 аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерінен құралған арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оған қалалық Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жетекшілік ететін 8 тергеуші, 8 жедел уәкіл жұмылдырылған. Интернет-алаяқтық қылмыстары расында қазіргі қоғамымыздың ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып отыр. Осы жылдың өзінде қала аумағында жалпы 3 378 қылымыс тіркелген. Оның 1321-і алаяқтық қылмыстар болса, 366-сы нақты интернет- алаяқтық қылмыстар, - деді Арман Бейсенбаев.
Спикердің сөзінше, жақында топ қызметкерлерімен интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысты 1 тұлға құрықталып, тексеру барысында одан өзге адамдарға тиесілі 46 банк карточкалары, 6 ұялы телефон және 20 сим-карта алынған. Тексеру барысында ол аталған банк карточкаларын құпия сөзімен өзгелерден сатып алған. Өзінің сыйақысын алып қалып, қалған ақшаны алаяқтық әрекеттерінің ұйымдастырушысына жолдап отырғаны белгілі болған.
Қазіргі таңда 5 күдікті анықталып, 2-і Ресей Федерациясында құрықталып, экстрадициялануда, ал 3 күдікті қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы олардың 20-ға жуық қылмысты жасағаны анықталып отыр.
Сонымен қатар баспасөз жиынында Арман Бейсенбаев қазіргі өзекті қылмыстарды да атап өтті. Олар: жалған абоненттік нөмірлерді емін-еркін пайдалану, интернет-алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі банк саласындағы операциялар, микроқаржылық ұйымдардың жұмысымен байланысты екенін айтты.