Шымкент қаласы, Абай ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында көшелерді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды.
Ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан жоба аясында Темірлан тас жолы мен Бақбаев көшелеріне жалпы саны 410 жарық шамы орнатылады. Жаңа жарық жүйелері заманауи талаптарға сай келіп, ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін арттырады.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Мұндай жобалар – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және ауданның келбетін жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар.