ШЫМКЕНТ: балалар арасында ауруларды тез анықтау бағытында оқу-әдістемелік орталық ашылды

0
279

Ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі.


ШЫМКЕНТ: балалар арасында ауруларды тез анықтау бағытында оқу-әдістемелік орталық ашылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында "Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару" ресурстық орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты.

Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қала әкімінің орынбасары енді мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті.
- Бағдарлама балалардың ең маңызды ауруларын (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму орта қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды.
Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайтып, бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, - дейді аурухананың бас дәрігері Д. Жұмаділова.