Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.
Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 22 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 14 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.
Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жол және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды.
Биылғы жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әл-Фараби ауданында 22 көшеге ораташа жөндеу және 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар, шағал тас төсеу үшін Сәуле шағын ауданындағы атауы жоқ 14 көше ұсынылды.
Ал, Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, көлеміне қарай 7 секторға бөлінген. Әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Ішкі орамдағы аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.» ЖШС-і және «Жасыл Ел» ЖШС-і айналысуда. Аталған мекемелер аудан аумағындағы 273 ішкі орам көшелерін және 623 аулада санитарлық тазалау жұмыстарын атқарылуда.
Сонымен қатар, жалпы аудан аумағындағы қураған және апатты ағаштарды қырқу, шөп ору, жасыл желектерді қырқу, ағаштарды әктеу жұмыстарына 148,0 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сенімді құрылыс» ЖШС өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып, тұрғындардың пайдалануына берілді. 2023-2024 жылдар аралығында 110 балалар ойын алаңшаларын абаттандыру жоспарлануда Сонымен қатар, 2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылады.