Шымкенттегі перинаталды орталықта босанған әйелдің миына қан кеткен. Дәрігерлер оның бас сүйегіне шұғыл ота жасап хирургтер босанған әйелдің бас сүйегін ашып, инсульттен пайда болған мида ұйыған қанды алып тастаған.
Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды
Шымкент қаласында инсульт алған 40 жастағы жүкті әйелді дәрігерлер ажалдан арашалап қалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қалалық перинатальды орталықта босанған әйелдің жағдайы бірден нашарлап, тіпті есін жоғалтқан. Ақ халаттылар жедел тексеріп, әйелдің миына қан құйылғанын анықтаған. Дәрігерлер әйелдің бас сүйегіне шұғыл ота жасаған. Күрделі отаны Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нейрохирургі Сәрсен Пернебеков жасаған. Хирургтер ота кезінде босанған әйелдің бас сүйегін ашып, инсульттен пайда болған мида ұйыған қанды алып тастағанын айтады.