Шымкент: Дәрілік заттар ең төменгі бағамен сатып жатыр

0
1 291

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Б.Позилов


Шымкент: Дәрілік заттар ең төменгі бағамен сатып жатыр

Шымкентте дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Бүгінгі күні қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің негізгі қоры бар. Оның ішінде 698 154 дыне қызуын түсіретін дәрі, 89 712 вирусқа қарсы дәрі, 566 231 антибиотик, 51 574 антиагрегант, , 3 673 анти-коагулянттар, С дәрумені - 82 95, - деп мәлімдед Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Б.Позилов.

Пандемияның алғашқы легінде ел ыстық түсіретін дәрінің өзін таппай әбігерге түскен еді. Келер толқынға дәрі қорының жеткілікті деп сендірді мамандар.

- Қазір барлығында қор бар. Жеткілікті. Және дәрілік заттар ең төменгі бағамен сатып жатқаны белгілі болды. Тапшылық болмайды. Өйткені көріп отырсыздар заттар толық. Жеке меншік болғасын, ақша жасайды, бизнес жасайды. Өздеріне керек,- дейді фармацевтикалық қызмет бақылау департаментінің маманы Ләззат Қашқынбаева.