Команда бишілері спорттық және акробатикалық жаттығудан сайысқа түсті.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен үшінші жыл жалғасын тапқан «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында қаламыздың жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Фан-клуб спорт би» сайысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жобаның мақсаты — Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. ⠀⠀
Еске сала кетейік, «Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде бүгін баскетболдан ширек финал басталды.
– Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және ел чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылған. Былтырғы жылы жеңімпаз командаға автобус сыйға берілді. Биылғы жеңімпаздарды да үлкен жүлделер күтіп тұр, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мақсат Орынбаев.
Ойын нәтижесі бойынша, №55 жалпы орта білім беретін мектеп, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы, Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектептері ширек финалда бақ сынасты.