Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түседі.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс тетіктерін біріктіретін мекеме 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға, коммуналдық мекемелерге жіберіледі.
Орталыққа жыл басынан бері 203 916 арыз-шағым түскен. Оның 98,5%-ы орындалып, өз шешімін тапты. Қалған өтініштер жауапты мекемелердің қарауында. Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түседі.
Қала әкімі жауаптыларға азаматтармен кері байланыс орнату арқылы қызмет сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ орталық директорына бір де бір арыз-шағымды қараусыз қалдырмай, көтерілген мәселелерді шұғыл шешуді ұйымдастыруды ескертті.