Сенбілік Шымкент қаласы Сәуле мөлтек ауданында өтті.
Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: TazaAlem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «Eco Sana» сенбілігі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады.
Сенбілік Шымкент қаласы Сәуле мөлтек ауданында өтті. Қозғалыс барысында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар айналасындағы қоқыс қалдықтары шығарылды.
Аталмыш акцияға Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығының" басшысы Ерлан Айтбаев, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 25 команда өтінім беріп 250 жас сенбілікке қатысты.
Бұл жоба аясында өткен аптада «Ынтымақ» мөлтек ауданында сенбілік өткен болатын. Сенбілік барысында «Eco sana» жобасына қатысуға қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 17 команда сенбілікке қатысып, 1 тонна 500 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын.
Сенбілік санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.