Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

0
1 462

Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев бірқатар мемлекеттік мекемелердің атқарған жұмыстарының баяндамасын тыңдады.


Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Шымкентке жаңадан жеткізілген автобустар жаңа бағыттарда жолаушылар тасымалдауды бастайды, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев қалалық әкімдікте өткен Қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев жүргізген жиында кеңес мүшелері алдымен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісовтың есебін тыңдады. Басқосуда күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер білім, жол салалары болды. Қалалық білім басқармасының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева кеңес мүшелерінің бала тәрбиесі, білім беру мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.


Ал қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова "Сәулет басқармасының геосервисі" ақпараттық жүйесінің қазіргі жай-күйі, орын алып отырған проблемалар туралы баяндады.

Кеңес мүшелері жиында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандарының қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы ҚР Үкіметі бекіткен нұсқаулықтарды талқылады.