Медициналық мекемелерде 72 мың бетперде бар.
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.
- Мұнан бөлек түрлі жағдайларға дайындық ретінде 680 провизорлық орын да әзірленген. Әлемде короновирус инфекциясының таралу қарқыны өте жоғары. Шымкент қаласында індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық іс-шаралар қолға алынуда. Дегенмен кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Мұнан бөлек 680 провизорлық орын да әзірленген. Сондай-ақ, 1 447 орындық 5 карантиндік стационар да дайындалды, — деді Е.Садыр.
Сондай-ақ, қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекемелерде 72 мың бетперде қоры бар екенін де атап өтті.