​ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

0
571

Аталған кездесуге Қаратау ауданы аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысан басшылары мен қызметкерлері, жалпы барлығы 20-дан астам шағын және орта кәсіп иелері қатысты.


​ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінде Президент Жолдауында айтылған мәселелерді іске асыру бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мәселесін көтерді. Яғни, бұл саланы реттеп, жаңа ережелерді бекітудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Аталған кездесуге Қаратау ауданы аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысан басшылары мен қызметкерлері, жалпы барлығы 20-дан астам шағын және орта кәсіп иелері қатысты.

Жиынға қатысушылар Жолдаудың басым бағыттары бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттен қаржы тетіктерін қарастыру мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу, қолжетімді несиемен қамтамасыз ететін маңызды қадамдарды атап өтті.

Жергілікті кәсіпкерлер Президент Жолдауын іске асыру бойынша барша азаматтарды белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Шыңғысұлы ауданға қарасты жастар мен жасөспірімдерге Президент жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті. Шара барысында Президентіміздің жолдауында айтылған ел игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқару жастарға кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақыру.