Шымкент мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасына енгізілген 5 мемлекеттік органның қатарында

0
693

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 31 желтоқсан аралығында жүргізіледі.


Шымкент мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасына енгізілген 5 мемлекеттік органның қатарында

2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілетін болады. Аталған пилоттық жобаға бес мемлекеттік орган енгізілді.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ақмола облысының әкімдігінде, Шымкент қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде жүргізіледі.
Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу Агенттіктің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет порталы арқылы жүргізіледі.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу байқауы бұрынғыдай конкурстық комиссияның алдында емес, «Е-қызмет» электрондық порталы арқылы өтеді. Сәйксесінше, элетрондық порталы арқылы өтетін байқаудың жаңа рәсімі «Адами фактордың» әсерін жояды.

Бұдан бөлек, іріктеуден өту кезінде иессіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін үміткерлерге сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Нәтижесінде пилоттық жобада конкурс жеңімпазы комиссияның шешімінен бөлек, барлық кезеңдерде жинаған жиынтық баллдардың қорытындысы бойынша жүйемен автоматты түрде анықталатын болады.
Атап айтатын болсақ, мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндіктері бар.
Ол үшін, біріншіден, жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы (грантпен) қажет.
Екіншіден, диплом бойынша GPA баллы 3,33-тен төмен болмауы керек.
Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергіні жоюдың тағы бір жолы – агенттік келісімімен «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурссыз тікелей тағайындау.
Ал, шығу тәртібіне келетін болсақ - екі тоқсан бойы төмен бағаланған қызметшіні төмендету, ал төменгі лауазым болмағанда – оны қызметтен шығаруды көзделеді.