ШЫМКЕНТ: «Отбасым – менің тірегім» атты іс-шара өтті

0
708

Балаларға арасында танымдық ойындар ұйымдастырылды.


ШЫМКЕНТ: «Отбасым – менің тірегім» атты іс-шара өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Мереке аясында Шымкентте Арбат демалыс аймағында «Отбасым – менің тірегім» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік кеште цирк өнерпаздары қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, түрлі бағытта қойылымдар қойды. Балаларға арасында танымдық ойындар ұйымдастырды. Шаһадағы рухани ордалар – 5 кітапхана оқырмандарға кітап көрмесін жасақтады.

Бүгінгі мерекеде «Отбасы» әдебиеттерінен құралған кітап көрмесін ұсынып отырмыз. Жалпы мекемеміз отбасы құндылықтарын әрқашан дәріптеп келеді, - деді Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.
Іс-шарада “Кел, бірге ойнайық!”!, «Клубничное Королевство», «Құлақсыздың жазасы», «Қағидалар қаласы» атты балаларға арналған ертегілер қойылды. Танымдық бағдарламалар күні бойына жалғасатын болады. Отбасылар арасында сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады, -деді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет бөлімінің бас маманы Динара Серікқызы.

Айта кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күнді белгілеу – әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы.

Әлемде отбасының негізгі міндеті – балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Отбасы ұрпақтан-ұрпаққа біздіӊ мәдени құндылықтарымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маӊызды орта, сондықтан ол балаларды, қарттарды және мүгедектерді адамгершілік және материалдық тұрғыдан қолдайды. Халықаралық отбасы күнін өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.