Ірі сауда орталығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу шаралары өткен.
Әлеуметтік желідегі таралған короновирус оқиғасын тіркеуге байланысты адамдарды "Шымкент Плаза" сауда орталығынан эвакуациялау туралы видео шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.
«Шымкент- ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының аумағында орналасқан барлық ірі сауда орындарында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған. Осы орайда 2020 жылғы 3 наурызда алдын ала бекіткен жоспарға сәйкес сағат 10:17-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңындағы «Шымкент Плаза» ойын-сауық сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-сабағы өткізілген.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен өткізілген Өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде "Шымкент Плаза" СОО-да коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жалған ақпаратпен бейнежазба түсіріп, "Ватсап" мессенджері арқылы таратқан қала тұрғынын анықтады.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.