Талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары толық аяқталды.
Шымкентте интернеттің қолжетімділігін арттыру, сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде тұрғындарды мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары да бар.
Атап айтар болсақ, жақында ғана @ilinknet_shymkent тарапынан Самал-3 шағын ауданын талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары толық аяқталды. Енді Самал-3 тұрғындары сапалы интернетті пайдаланатын болады.