Елді мекенде 3 спорт алаңша салынып, пайдалануға берілген.
Шымкент қаласының әкімі Абай ауданы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерде атқарылатын жұмыс жоспарларға тоқталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданы ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтамасыз етілген.
Өткен жылы 3 көше (Саттарханов, Яссауи, Отырар) асфальттанды. Биыл 6 көшеге (Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын) асфальт төселеді. Келесі жылы 22 көшеге осы бағытта жұмыстар атқарылады. Жалпы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезең бойынша жүзеге асады.
Былтыр 6 көше жарықтандырылған болатын. 2023 жылы 2 көше 2024 жылы 2 көшені жарықтандыру жоспарлануда.
Елді мекенде 3 спорт алаңша салынып, пайдалануға берілген. Биылға 3 спорт, 1 балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары басталды.