ШЫМКЕНТ: Су айдындарында 120-ға жуық тыйым салу белгілері орнатылды

0
1 033

19 000-нан астам үгіт өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды.


ШЫМКЕНТ: Су айдындарында 120-ға жуық тыйым салу белгілері орнатылды

Шымкент қаласындағы су айдындарында 120-ға жуық тыйым салу белгілері орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзев мәлімдеді.

Брифинг барысында Нұржан Нұрханұлы судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін атап өтті.

Жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде шомылу, балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдыру, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, шомылу кезінде өз күштерін жете бағаламау, жүзу құралдарын (катамаранды) құтқару кеудешелерінсіз пайдалану. Осы салдардың барлығы жазатайым оқиғаларға алып келеді, – деді спикер.

Сонымен қатар, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында интерактивті сабақтар, жиындар өткізілді. Қала көшелерінде 45 билборд, су айдындарында 120-ға жуық тыйым салу белгілері орнатылды. Сондай-ақ, 19 000-нан астам үгіт өнімдері (парақшалар, жадынамалар, брошюралар) таратылды.