2019 жылы Шымкент қаласында екі мерекеде отшашу ұйымдастырылған.
"Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы МКҚК арқылы 2019 жылы екі мерекелік іс шарада отшашуға қаржы бөлінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасының басшысы Рашид Мыңбаев ресми хабарлама жасады.
Басқарма басшысының берген мәліметіне сүйенсек, "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы МКҚК арқылы 2019 жылдың маусым айында өткен "Қала күні" мерекесінде ұйымдастырылған отшашуға жергілікті бюджеттен 2 500 000 теңге жұмсалған.
Ал, алдағы өтетін "Жаңа жыл" мерекесіне арналған отшашуға 1 200 000 теңге қаралып отыр.