Биылғы жеңімпаздарды да үлкен жүлделер күтіп тұр.
«Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде бүгін баскетболдан ширек финал басталды.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында қаламыздың жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Фан-клуб спорт би» сайысының финалдық кезеңі өтті. Аталған жобада Шымкент қаласынан 6 000-ға жуық жас «Фан клуб» мүшесі ретінде өнер көрсетіп келеді. Бұл жоба мектептер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту, жастардың бұқаралық спортқа деген белсенділігін арттыру мақсатында өтіп жатыр. Қаладағы 151 мектеп арасында сайыс ұйымдастырылып, финалдық кезеңге 24 команда өтті. Жас спортшыларымыз тынбай еңбек етіп, әлемдік деңгейде Қазақстанды танытуда. Команда бишілері спорттық және акробатикалық жаттығудан сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге №84 жалпы орта мектебі лайық деп танылды. Ал, І орынды – Т.Рұсқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы алса, ІІ орын – Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне бұйырды. ІІІ орынға О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебінің өнерлі жастары қол жеткізді.