​Шымкент жастар театрының ұжымы өз таңдауын жасады

0
47

Сахнада көрерменге рухани ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерді өнер арқылы жеткізіп жүрген театр ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.


​Шымкент жастар театрының ұжымы өз таңдауын жасады

ERNUR.KZ. Шымкент жастар театрының жас актерлері мен шығармашылық ұжымы №100 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.


Сахнада көрерменге рухани ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерді өнер арқылы жеткізіп жүрген театр ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.

Жас актерлер үшін өнермен қатар азаматтық жауапкершілікті сезіну де маңызды. Осы ретте театр ұжымы тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын білдіруге және сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.

Сайлау учаскесіне келген шығармашылық ұжым мүшелері өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.