ШЫМКЕНТ: Жолдауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды

0
369

Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы Мемлекет басшысы жастарға көп үміт артып отырғанын, әділетті қоғам құруда жас буынның рөлі үлкен екенін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Жолдауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов университетінде «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесуінде Жолдауды жүзеге асыру төңірегінде пікірлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның әділетті мемлекет болуының негізін құраушы буын – жастар. Сондықтан болар Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарды қолдайтын бастамаларға көбірек мән берді.

Жолдауының үшінші бағытында жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сапалы білім алуы мен жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлерді қолдау жөнінде айтылған. Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы Мемлекет басшысы жастарға көп үміт артып отырғанын, әділетті қоғам құруда жас буынның рөлі үлкен екенін жеткізді.

Дамыған елдердің тарихына үңілсеңіз алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үміт артқаны Жолдауда айқын көрініс тапты. Қазір жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмысқа орналасу мәселесі алаңдататыны рас. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастыҢ жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын бизнестежастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілетініне нық сенімдімін. Берекелі қоғамның бастауы, әділетті мемлекеттің негізі де жастар, - деді ол.

Айта кетсек, бүгінде жастармен бірлесе Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды мәселелерді іске асыру жөнінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай пікірлесу алаңы қала жастары арасында мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады.